үркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында жеке кәсіпкер 4 бірдей мектеп салып жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстандық жоғары оқу орындарында жемқорлық бар-жоғы тексерілді Білім министрі үлкен әлеуетке ие оқу мен кәсіп түрлерін атады Асхат Аймағамбетов түлектерге университет таңдауда кеңес берді Биыл түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі Соңғы он жылда 8 балабақша мен 4 жекеменшік мектеп салған инвестордың білім ұяларында 13 мыңнан астам бала білім алуда. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке кәсіпкер Низамхан Сулайманов салып жатқан жаңа мектептердің жай-күйімен танысты. 1200 балаға арналған әр мектептің құны 1,5 млрд. теңгеден аспайды. Қаңтар айында құрылысы басталған заманауи үлгідегі білім ұялары жоспар бойынша биылғы оқу жылы пайдалануға беріледі. Облыс басшысы инвесторға Түркістан қаласынан мектеп салу туралы ұсыныс жасады. Ол алда тағы 4 мектеп салуды көздеп отыр.