Су тасқынының алдын алу мақсатында Түркістан облысында 1200 шақырымнан астам 680 арық, канал қоқыстан тазартылған. 61500 дана қап, 482 тонна инертті материал әзірленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Алматыда жаңбыр құйып тұр: Су басудың алдын алу үшін 2 мың қап құм дайындалды Мақтааралда 3000-ға жуық үйдің ауласын су басты Жетісай мен Мақтаралда соңғы 30 жылда мұндай көлемде жауын жаумаған — ТЖД Атбасар ауданының 9 елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Е.Сарыбаевтың айтуынша, қазіргі таңда облыс аумағында су тасқыны бойынша жағдай бір қалыпты, тұрақты бақылауда. «Тасқын суды қауіпсіз өткізу мақсатында 21 ақпан мен 20 наурыз аралығында арнайы жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Су қоймалары мен өзендердің су режиміне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жалпы облыс бойынша су қоймаларының орташа толымдылығы — 45-50%. Тасқын суды қабылдауға жеткілікті орын бар. Дегенмен босаңсуға жол жоқ. Табиғат кез келген уақытта тосын мінез танытуы мүмкін» — деді Е.Сарыбаев. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жалпы 2065 адам, 400 бірлік техника, 6 қайық, 294 мотопомпа дайындалған. «Қазгидрометтің» наурыз айына жасаған болжамында облыс аумағында жауын-шашын түсуінің айлық мөлшері – жазық аймақтарда 17-69 миллиметр, таулы аймақтарда – 70-103 миллиметр шамасында. Желдің соғуы секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы +5 пен +16 градус аралығында болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *