ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БОЛАШАҚ ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫН ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

 

Түркістан облысы, Шардара ауданында футболдан жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат қыза түсті. Оған өңірімізден 17 команда құрамында талантты деген жас ойыншылар қатысуда. Жарыстың ашылуына арнайы қатысқан Шарада ауданы əкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев отандық футболдың болашағы жергілікті жастардың қолында екендігін айтты.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен облыста футбол қарқынды даму үстінде. Бүгінде премьер-лигада Түркістан облысынан екі команда қатысып жатыр. «Тұран» мен «Мақтаарал» командаларынан жұртшылық үлкен үміт күтіп отыр. Осы дүбірлі сында көзге түскен жеткіншектер «Тұран» командасының академиясына қабылданады.

Облыс біріншілігіне 2009-2010 жылы дүниеге келген өрендер қатысуда. Балаларды футболға кəсіби тұрғыда шыңдап келе жатқан Түркістан облыстық футбол мектебінің ұжымы жыл сайын түрлі сайыстарды ұйымдастырып келеді. Шардара төріндегі додадан бапкерлер болашақ футбол жұлдыздарын іріктеп, олардың шеберліктерін кәсіби тұрғыда шыңдауды көздеп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.