Түркістан облысы – Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылығына ең бейім облыстардың бірі. Мәселен, ара ұяларын күтіп-бағудың технологиясы, ара ұяларын дайындау және сұрыптау негіздері «Демидов В.» ЖК өндірістік базасында, ауылшаруашылығы малдарын күтіп-бағу, олардың өнімділігін жоғарылату «РАУ» ЖШС-де, ал жеміс, жүзім дақылдарын өсіру технологиялары және интенсивті бақ өсіру негіздерімен танысу мақсатында «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-де көшпелі-тәжірибелік сабақтар өткізілген. Сонымен қатар, семинар қатысушылары «Оңтүстік мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің зертханасы және тәжірибелік стационарларымен танысқан. Бүгінде «Тассай» білім тарату орталығы ҚР Елбасымыз і Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ауыл еңбеккерлерін ақысыз негізде ауылшаруашылығында болып жатқан инновациялық жаңалықтарды үйрету мақсатында ТО ауылшаруашылығы басқармасымен бірлесіп жемісті жұмыстар атқарып келеді. «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту шаралары облыс аумағында қарқынды жұмыс жасауда.
Медиаон ақпарат