Елбасыныӊ халыққа үндеуініӊ бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ағымдағы жылы жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ жалпы аумағы — 18,6 мыӊ шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасыныӊ басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Сонымен қатар, 172 инвестициялық жобаныӊ іске асырылуына 30,6 млрд.теӊге қаралған. Жыл соӊына дейін 71-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таӊда 11 нысанныӊ құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Қалған 101 нысанныӊ құрылысы өтпелі. «Илеуметтік сала бойынша білім беру саласына жалпы 83 нысан құрылысына 15,9 млрд. теӊге қаралған. Оныӊ ішінде республикалық бюджеттен құрылысы жоспарланған 16 мектептіӊ биыл 12-ін тапсыру көзделген. Қалған 4 нысанныӊ құрылысы 2019 жылға өтпелі.Бұдан өзге, денсаулық сақтау саласында 11 нысанныӊ құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 10 нысан өтпелі. Мәдениет саласында 2 мәдениет үйі мен 1 мұражайға қосымша нысанныӊ құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таӊда 2 нысан пайдалануға берілген. Спорт саласында 3 нысан құрылысы жүргізілуде, жыл соӊына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.
Медиаон ақпарат