Түркістан облысында 5 жылдың ішінде мемлекеттік орман қоры жерлерінде 110 мың га алқапқа 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында, бекітілген Кешенді жоспарға сәйкес, былтыр 15 га.жуық жерге 18 млн 707 мың көшет отырығызылып, жоспар толығымен орындалды. Биыл 17 га.жуық жерге 22 млн.ағаш егіледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.
Климаты құрғақ Түркістанда құрылған «жасыл» белдеудің 29 511 гектар жер көлемінің 13629 гектарына ағаш егіліп, жасыл желекке оранды. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен тиісті қаржылар бөлініп, әуежай және рекреациялық аймақта 400 гектардан астам жерге тамшылатып суғару жүйесі және көшеттерге тірек толығымен орнатылды. Бүгінде абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат реттеуді пайдалану басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің баяндауынша, Жаңа әкімшілік іскерлік орталығындағы 50 гектар алма бауы жаңартылып, тамшылап суғару жүйесі және көшеттерге тірек орнатылып,қоршау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 30млн. жуық көшет өндірілді. Биыл өз күшімізбен көктем, күз айларында, толықтыру жұмысынан бөлек 3500 гектар (оның ішінде 300га сексеуіл ) жерге көшет егуге мүмкүндігіміз бар. 1000 гектарға шаққанда 3 млн. жуық жапырақты ағаштар кетеді, жалпы 10млн-ға жуық көшет отырғызылады»,-деді ол.
Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалық тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «жасыл» аймақ құрылған. Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аударылған. «Қаланың өкпесіне» айналған аймаққа сан түрлі ағаш отырғызылған. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.