Мәселен, Түркістан қаласы аумағында 11 мың гектар алқапта азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған. Жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге жуық қыруар жұмыс «Қазагрофинанс» АҚ-ның тарапынан лизингілік шарт негізінде несиелендірілуде. Жоба аясында «1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы» жобасы іске асырылуда. Айта кету керек, қазіргі таңда Түркістан облысында 9 индустриалдық аймақ құрылған. Аудан, қалаларда қаланған индустриалдық аймаққа 455 гектар жер бөлінген. 7-не инфраструктура тартылған. Жалпы құны 41 млрд. теңгені құрайтын 60-қа жуық жоба аясында үш жарым мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *