Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР БҚО-да 2025 жылға дейін 37,8 мың гектар суармалы жерді қолданысқа енгізу көзделіп отыр Қазақстанда бидай тапшылығы бар ма? Батыс Қазақстанда 521 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу көзделіп отыр Мәжіліс депутаттары Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті Сенаторлар Сарыағаш ауданының шалғайдағы Дарбаза ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында жайылым жерлерінің аздығы мен алқаптардың тозуы мәселелерін талқыға салды. Мұндай жағдай тұрғындарға мал өсіруге қолбайлау болумен қатар, жергілікті сүт өңдеу өндірісінің дамуын да тежейді. Кездесу барысында шаруа қожалықтарының қарамағындағы пайдаланылмайтын жайылым жерлерін қайтару жұмыстарын қолға алудың да маңызды екені атап өтілді. «Жайылым мәселесін шешуге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Мәселені шешу үшін Парламент депутаттарының бастамасы бойынша арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Сенатта оның тұсаукесері өтті. Заң жобасы қабылданғаннан кейін жайылым жерлерінің мәселесі жақсаруы тиіс деп есептеймін» , — деді Әли Бектаев. Депутаттар Жібек жолы ауылында орналасқан жылыжай кешенінің жұмысымен де танысты. Мұнда фермерлер көшет өсіреді. Жергілікті тұрғындармен кездесу барысында еліміз Президентінің таяудағы Жолдауында белгілеген реформалар, сондай-ақ Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу, коммуналдық қызметтер бағасының өсуі жөніндегі бастамаларының маңызы талқыланды. Аграрлық сала мамандары жылыжай өндірісінің толыққанды дамуына кедергі келтіріп отырған минералды тыңайтқыштардың қымбаттығын да назардан тыс қалдырмады. Осыған байланысты, көшет өсіруді субсидиялау туралы ұсыныс айтылды. Сенаторлар бұл мәселені еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының алдына ұсыну туралы ойларын ортаға салды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.