2020 жылға қарапайым заттар экономикасы аясында түйе шаруашылығын дамыту мақсатында несиелендіру жолымен 985 бас алу тапсырмасы берілді. Қаңтар айында Көксарай ауыл округінен «Агро Нур Азия» ЖШС 100,0 млн теңге несие және 50,0 млн теңге өз қаржысы есебінен 175 бас түйе алды. Қазіргі таңда ауыл округтер бойынша түйе алуға ниет білдірген агроқұрылым анықталып, құжаттарын дайындауда.
Бұдан бөлек ауданымыз қайта өйдейтін кәсіпорындарға түйе сүтін өткізу бойынша 5 596 тонна тапсырмасы қойылды. Түйе сүтін өндіретін агроқұрылымдардың тізімі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына 28.02.2020 жылғы №56 санды хатпен жолданды. Маяқұм және Қарақоңыр ауыл округінде сүт қабылдау бекеті ашылып тәулігіне 2,0 тонна жиналған сүтті Түркістан қаласындағы қуаттылығы тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін «Golden Camel Group Ltd» ЖШС-на өткізуде. Сонымен қатар 1-ші сәуірден бастап Талапты ауыл округі, Көкмардан елді мекеніндегі «Отырар Сүт-Ет» АӨК-де сүт қабылдау бекеті іске қосылып, осы елді мекенге жақын орналасқан Қоғам, Шәуілдір, Отырар, Шілік, Қарғалы ауыл округтеріне қарасты түйе сүтін өндіретін шаруалардан 2,5 тонна көлемінде сүттер қабылданады. Сәуір айында Көксарай ауыл округінің орталығында тағы бір тәулігіне 0,5 тонна сүт қабылдап өткізіледі. Барлығы аудан бойынша 4 сүт қабылдау бекеті іске қосылып, тәулігіне 5 тоннаға жуық түйе сүті жинақталып «Golden Camel Group Ltd» ЖШС-на өткізілетін болады.
Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелендіру жолымен импорттан 1 500 бас мүйізді ірі қара мал сатып алуға жұмыстар ұйымдастырылуда.
Медиаон ақпарат