Егістік тұқыммен толық қамтамасыз етілді. Қажетті жанармай, минералды тыңайтқыш мерзіміне сәйкес босатылуда. Көктемгі дала жұмыстарына 4,5 млрд.тг. несие бөлініп, 1137 жоба мақұлданды.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін жан-жақты зерттеп, талдап, нақты нәтиже беретін3 негізгі бағытта дамытуды бастадық.

Бірінші бағыт агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу.

Бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында 1458,0 шаруа қожалықты 9 кооперативтерге біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11,0 мың га жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

АҚШ-тың «T-L», «Valmont Industries» және «Lindsey» компанияларымен және отандық ғалымдармен тығыз жұмыс жасап, алғашқы нәтижесін көрдік.

Тәжірибеде бұрын пайдаланылмай жатқан жарамсыз жердің өзінен жүгеріден 120 центнер, жоңышқадан 150 центнер, бидайдан 55 центнер өнім алып, облыстың орташа көрсеткішінен 2,5-3 есе артық өнім алуға қол жеткізілді.

Технология тиімділігі ағын суды 2 есеге үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, 341,0 шаруа қожалық 3 кооперативке біріктіріліп, техникамен қамтамасыз етілді, 886 га 21 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 18 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылып, 2200 га жеткізілетін болады.

Маусым айының алғашқы он күндігінде, жаңбырлатып суғару арқылы егілген 300 га күздік бидай орылып, екінші өнімді егуге кіріседі.

Дайындалған жем шөп қоры:

— итальяндық технологиямен «1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын»;

— австралиялық технологиямен «10,0 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын»;

— «жылына 20 мың тонна құс етін өндіру» және «Ордабасы-құс» ЖШС-нің «Жылына 8 100 тонна күрке тауық етін өндіру» жобаларын азықпен қамтамасыз етуге бағытталады, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2,5 есеге артатын болады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.