Халықаралық эпизоотикалық бюромен ветеринар мамандарды Францияда оқыту, қазақстандық зертхананың Орталық Азия елдері үшін күйіс қайыратын ұсақ малдың мәлік ауруы бойынша ХЭБ референтті зертханасы статусын алу, бруцеллез бен лейкоз бойынша ынтымақтастық жұмыстары жалғасуда.  ҚР фитосанитария қызметі есепті кезеңде аса қауіпті зиянкес жәндіктер мен карантин нысандары (карталар) бойынша ел аумақтарын өңірлендіру жұмыстары жүргізілді. Соңғы үш жылдағы деректер талдауы аса қауіпті зиянкес жәндіктердің таралу аумағының азайғанын көрсетті.  Мәселен, фитосанитариялық шараларды уақытылы жүргізу нәтижесінде аса қауіпті зиянкес жәндіктерге қарсы олардың таралу аумағы 1,2 млн га немесе 25,5%-ға төмендеді, мысалы, үйірлі зиянкес қара шегірткенің таралу аумағы 67%-ға төмендеді, бұл астық, дәнді-бұршақты дақылдар мен жайылым азығының түсімінің азаюының алдын алуға мүмкіндік берді. Өткен жылы карантиндегі нысандарда таралу аумағы 75,2 мың га құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 40%-ға төмен.  297 бірлік техника тартылды, 476 мың литр пестицид пайдаланылды. Республика қорында 80 мың тонна препарат бар, бұл көктемде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 553 мың га жерді өңдеуді уақытылы бастауға мүмкіндік береді.  Биыл 151 техниканы тартып, қосымша 10 мың тонна пестицид сатып алу жоспарланған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *