АӨК-те еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есе арттыру үшін бірінші кезекте аграршыларды техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. Өнімділігі жоғары егістік кешендерінің саны (143 бірлік) салыстырғанда (72 бірлік) екі есеге жуық өсті. Бұл кешендер бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асырады (дақылдандыру, егу, тыңайтқыш қолдану, тырмалау, топырақ бетін тегістеу және нығыздау. 4 мың және одан көп егістік кешендерінің болуы биылдың өзінде еліміздің астық танабының 70%-ында егуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Сонымен қоса, республика бойынша есептен шығарылуы тиіс ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жоғары деңгейі байқалып отыр, бұл машина-трактор паркінің жаңару қарқынын тежейді. Тозуы 80% құрап отырған ескі техниканы есептен шығармай жаңарту деңгейін арттыру мүмкін емес, себебі сатпы алынатын техника барлық техника паркінің жинытығында көрінбей қалады.  Биыл Энергетика министрлігімен келісе отырып, егіс жұмыстарын жүргізуге ақпан-маусым айларында 387 мың тоннаға жуық дизельді отын бөлінді. Қолайсыз ауа райын ескере отырып, облыстардың тапсырысы бойынша қосымша 10 мың тонна отын бөлінді, бұл барлық өңірлердің дизельді отынға қажеттіліктерін толық өтеуге мүмкіндік берді.  Биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизельді отын бағасы 177 теңге/литрді құрайды (жанар-жағармай станцияларында 1 литрі үшін 195 теңге), бұл нарықтағы бағасынан 10%-ға арзан.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *