Егін шаруашылығы бойынша:

Ағымдағы жылы егістікті әртараптандыру бойынша тапсырма 33 140 га жер. Атап айтар болсақ:  Дәндік жүгері 11 000 га, жоңышқа 10 615 га, көкөніс 1100 га, бидай 350 га, картоп 400 га, күнбағыс 310 га, бақша 8 195 га, тары 770 га, мақта 200 га жер егілу жоспарланып отыр. Дала жұмыстарын жүргізу мақсатында Үкімет тарапынан 1 820 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлініп, агроқұрылымдарға берілуде. Қазіргі таңда 52 га жүгері, 5255 га жаңа жоңышқа, 6,4 га көкөніс, 5 га картоп, 227,5 га бақша, күздік бидай 390 га, жаздық бидай 80 га және 120 га жерге мақсары дақылы егілді. (17.04.2020ж күнгі мәлімет)

Одан бөлек 2019 жылы Қоғам ауыл округіне қарасты «Отырар Құрал» ЖШС қарқынды бау шаруашылығын дамытуды қолға алып 12 га жерге алма жемісі ағашын отырғызған болса, биылғы жылы 15 га жерге шабдалы жеміс ағашын отырғызуда.

Ағымдағы 2020 жылы ауданымызда алғаш 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы іске асырылуда.  Атап айтар болсақ Бақша 227,5 га, Көкөніс 6,4 га, Картоп 5 га жерге егілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *