Төртінші. Бүгінгі таӊда ғылыми негізсіз ауылшаруашылығы бәсекеге қабілетті бола алмайды.

Сондықтан, әрбір ауданда Ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылатын болады. Бесінші. Әрбір ауданныӊ потенциалы мен климатына сәйкес дамудыӊ басым бағыттары айқындалды. Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынатын болады. Биыл Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаӊғақ, 300 гектарға алма бақтарын егетін боламыз. Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынды. Осы аудандарда бау және оны қайта өӊдеу кластері құрылатын болады. Таулы аудандардыӊ тағы бір басым бағыты — сүт кластерін дамыту. Мақтарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға аламыз. Ол үшін мақтаныӊ егіс алаӊын ұлғайтамыз. Ал, өнімділігін арттыру бойынша — арнайы бағдарлама қабылданады. Бүгінде республика бойынша жылыжайлардыӊ 46 пайызы — Сарыағашта. Сарығаш — көкөнiс өндiретін нағыз «фабрикаға» айналуы тиіс. Ол үшін біз еӊ алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек. Сол үшін, біз Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз. Бұл — Елбасыныӊ тапсырмасы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *