Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша облыста 289,2 мың га пайдаланылмайтын, 133,6 мың га есепке алынбаған және рұқсатсыз пайдаланылған жерлер анықталды. Есепке алынбаған учаскелер бойынша әкімдіктер хабарлама жібере отырып, оларды ресімдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, ал өз еркімен пайдаланылған және пайдаланылмайтын учаскелер бойынша — материалдар оларды алу бойынша сотқа беру үшін дайындалады. Биыл аудит бойынша жұмыс басқа өңірлерде жалғасатын болады. Министрлік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына және ауыл тұрғындарына бекітілген жайылымдармен қамтамасыз етілуге егжей-тегжейлі талдау жасады. Жайылымдарға жүктеме нормативтері және аудандар, ауылдық округтер мен шаруашылықтар бөлінісіндегі ауыл шаруашылығы малдарының нақты болуы салыстырылды. Талдау жұмыстары көрсеткендей, барлық дерлік облыстарда, әсіресе оңтүстік өңірлерде жергілікті халыққа арналған өрістік жер тапшылығы байқалады. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға 72,4 млн га жайылым бекітілген, дегенмен олардың жартысына жуығында жеткілікті мал басы жоқ. Сонымен қатар Жер ресурстарын басқару комитеті жер заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында сот арқылы 1,2 млн га пайдаланылмайтын жерді, оның ішінде 37 мың га – егістікті, 1163 мың га – жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Аталған жерлер бойынша оларды жаңа жер пайдаланушыларға қайта бөлу және оларды ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Министрлік топырақ бонитеті балы және жайылым жерлердің жемшөп көлемі бойынша деректерді алудың ашық дерек көзіндегі топырақтық және геоботаникалық электрондық карталарын дайындады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *