Министрлік «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға қатысады және ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлап жүрген бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Микрокредит беруге арналған қаражат облыс әкімдіктеріне бюджеттік несие түрінде беріледі. Әкімдік бұл қаражатты микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді одан әрі қорландыру үшін Аграрлық кредиттік корпорация, сондай-ақ тікелей несие беру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арасында бөледі. «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 44,7 млрд теңге бөлінді, ал қосымша 20 млрд теңге бөлінді. Шағын несиелеудің жалпы сомасы 64,7 млрд теңгені құрады. Жалпы республика бойынша 64,7 млрд теңге немесе 100% игерілді, 16 181 шағын несие берілді, шамамен 18 мың жұмыс орны ашылды.

Экономика салалары бойынша шағын несиелер:

  • мал шаруашылығын – 75%-ға (43,6 млрд теңге сомасына 12 195 шағын несие);
  • өсімдік шаруашылығын – 5%-ға (3,7 млрд теңге сомасына 735 шағын несие);
  • ауыл шаруашылығына қатысы жоқ бизнес түрлерін (сауда, шаштараз, монша, ТҚКС және т. б.) – 20% (17,6 млрд теңге сомасына 3 325 шағын несие) дамытуға берілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *