Енді өсімдік шаруашылығының өнімдеріне келетін болсақ, макарон, өсімдік майы, көкөніс және жеміс-жидек консервілері жөнінде импорт көлемі молырақ. Соның ішінде қант импортының көлемі 97 пайызға дейін жетіп отыр. Ал астық өнімдері, ұн және бірқатар өнімдер жөнінен еліміз ішкі рынокты толықтай қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, оларды сыртқы рыноктарға шығаруда әлемдік деңгейде өз орны бар белсенді ойыншылардың қатарына қосылып отыр. Тұжырымдамада ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өткізудің және оларды өңдеудің негізгі проблемалары айқындалған. Олардың қатарында бидайдың артық өндірілуі, құрамажем, арпа, құс еті өнімділігінің жеткіліксіздігі, өңделген ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек өнімдері үлесінің аздығы, сиыр, шошқа, қой еті экспорты деңгейінің төмендігі секілді өткір тұрған мәселелер бар. Осы проблемалардың орын алу салдарынан еліміз сыртқы саудада өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,3 миллиард долларды ала алмаған. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін бірқатар шаралар қабылданып отыр. Осылардың негізі ретінде басты мақсаттар айқындалған. Соның ішінде 6 түрлі міндетке ерекше көңіл бөлінбек. Егер тоқтала кететін болсақ, олар: бірінші — мал шаруашылығының тиім­ділігін 58 пайызға, өсімдік шаруа­шылық тиімділігін 40 пайызға дейін арттыру; екінші — тауарлы өндіріске 670 мың ұсақ өндірушіні тарту үшін ауқымды ауыл­шаруашылық кооперацияларын дамыту және өнімдерді өткізу мен өңдеу­дің қолдануға тиімді жүйесін құру; үшінші — ауылшаруашылық тау­ар өндірушілерін барынша кеңінен қам­ти отырып, жалпы сала бойынша мем­лекеттік қолдаудың тиімділігін және қол­жетімділігін қамтамасыз ету; төртінші — көзделген мақсатқа қол жет­кізуге бағытталған экспорттық саясат­ты іске асыру және органикалық өнім­нің қазақстандық брендін алға жылжыту; бесінші — 600 мың гектардан астам суармалы жерді айналымға қосу; алтыншы — агроөнеркәсіп кешенін мем­лекеттік реттеуді одан әрі жетілдіру. Міне, осында аталған міндеттерді ойда­­ғыдай жүзеге асыра алсақ, мұның өзі еліміздің ауыл шаруашылығының дамуына қосымша серпін беретіндігі анық. Соған бір мысал ретінде айта кететін болсақ, соңғы кездерде жүргі­зіл­ген зерт­теулер 1 гектар суармалы жер­дің тиім­ділігі мен беретін пайдасы 1 гектар тәлі­мі жердегіден 30 есеге дейін артып түсе­тіндігін көрсетіп отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.