2021 жылдың соңына дейін 2 480 ауылдық елді мекеннің шекарасын (шегін) белгілеуді қарастыратын Іс-шаралар жоспары бекітілді, бұл жергілікті халықтың қажеттілігі үшін керек жайылымдық алқаптардың нақты мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 1 611 елді мекенде шекаралар орнатылған, 869-ында орнату қажет. Сонымен қатар пайдаланылмайтын 1,7 млн гектар проблемалық агрохолдинг-латифундистің ауыл шаруашылығы жері 43 жаңа инвесторға берілді, яғни аталған алаң оңтайлы мөлшерге дейін сараланды және тиімсіз басқарудың кәсіпкерлік тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік берді. Жаңа иелері тек көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 20 млрд теңгеге жуық инвестиция салды, салық және жалақы бойынша қарыздарды жапты, жұмыс орындарын сақтап қалды. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда инвесторлардың отандық заңды тұлғалар және Қазақстан азаматтары екенін атап өткен жөн. Министрлік Жер, Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне тексеру кезеңдерін қысқарту және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін (2 жылдан 1 жылға дейін) алу мерзімін қысқарту, сондай-ақ пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салықты 20 есе ұлғайту тұрғысынан түзетулер әзірледі.
Бүгінгі таңда Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді, ол ашық НҚА интернет-порталында және АШМ интернет-ресурсында жария талқылау үшін орналастырылған, сондай-ақ сараптамалық қорытынды алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталған. Мемлекет басшысының жерді пайдаланудың ғарыштық мониторингі бойынша пилоттық жобаны жүргізу жөніндегі тапсырмасына қатысты ҚР Жер кодексіне жер мониторингін жүргізу, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау деректері арқылы жүргізу бойынша өзгерістер енгізілді. Аталған нормаларды іске асыру үшін осы жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың ғарыш мониторингі жөніндегі ережелер қабылданды. Веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізудің пилоттық жобасын іске қосу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда облысытың барлық аудандарында веб-портал қызметтерін сатып алу бойынша конкурстар жарияланды.
Медиаон ақпарат