«7 – 20 – 25» бағдарламасы бо­йынша алғашқы жарна 20-дан 10 процентке төмен­детілмек. Таяуда бағдарла­маның бас операторы «Бас­пана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы осындай жағымды жаңалықпен бөліскен еді. Біз бірден ұйым өкілдеріне хабарласып, аталған жайттың анық-қанығын білдік.   «Иә, бұл – шынайы ақпарат. Енді Елбасы бастамасымен қолға алынған бағдарлама негізінде алғашқы жарна есебіндегі 20 проценттің 10 процентін ғана төлеп, баспаналы болуға мүмкіндік бар. Бірақ бағдарлама түбегейлі өзгеріске ұшырап отырған жоқ. Яғни бұл барлық азаматтар үшін емес, тек белгілі бір әлеуметтік топқа арналған және жергілікті әкімдіктер арқылы жүзеге асырылады», деді «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметінің өкілі бізге берген жауабында.  Жуырда газетімізде жария­лан­ған мақалада («Жалған бағдарлама жарға жықпасын», соңғы кезде «7 – 20 – 25» бағдарламасына ұқсас атауды жамылып, жарнамасын жасап жат­қан түрлі бағдарламалардың көбейіп кеткені туралы мәселе көте­рілген еді. Яғни жарнамаларды таратып отырған құрылыс компа­ниялары мен тұрғын үй коопе­ра­тивтері ғаламтор мен әлеуметтік желілерде «0-20-25», «5-19-25», «5-10-25» сынды түрлі ак­циялар ұйымдастырып жатқа­нымен олардың баспаналы болуды армандаған халыққа ұсы­нып отырған талаптары мүлде бас­қа­ша. Мысалы, атауы айқайлап тұр­ғанымен, несиені 25 жылға емес, 25 айға ғана беруі мүмкін. Немесе «20» саны алғашқы жарна емес, несие бойынша үстеме мөлшерлеме болуы әбден ықтимал. Сондықтан жоғарыда аталған жаңалыққа да сәл күмәнмен қарағанымыз рас. Алайда бұл жергілікті әкім­дік­термен бірлесіп жасалатын тиім­ді жоба екені белгілі болды. Мәлім болғандай, «Баспана» ипоте­калық ұйымы» АҚ «7-20-25» бағ­дарламасы аясында жас отба­сылар мен бюджеттік сала қызмет­керлеріне қаржылық жүктемені азайту мақсатында «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдерін әзірлепті. Өнімдер «Баспана» ипотекалық ұйымы және жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастыққа негізделіп, атал­ған санаттағы азаматтарға

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *