«Нұрлы жер» жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй бағыттары бойынша жұмысын жалғастырады. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап берілетінін айтты. «7-20-25″ ипотекалық бағдарламасы мамыр айында қабылданды. Екінші жартыжылдықтан бастап ипотека бере бастайды», — деді министр. Қасымбек «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламалары бір-біріне кедергі жасамайтынын атап өтті. «Нұрлы жерге» өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жаңа «7-20-25» бағдарламаның енгізілуімен қосымша инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты. «Нұрлы жер» жұмысын жалғастырады. Жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй. Құрылыс салушылар бойынша пайызды субсидиялау секілді тетіктер қалады», — деді министр. Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін. Түркістан облысында аталмыш бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да жеткілікті деңгейде.
Медиаон ақпарат