Жыл соңында Кентауда 7,4 мың шаршы метрлі 120-пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Келесі жылы жалпы 92,5 мың шаршы метрді құрайтын 1500-пәтерлі   25 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында әзірленген   «7-20-25» бағдарламасын іске асыру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен Түркістан қаласында 336-пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (22 мың шаршы метр). Бұл пәтерлер 2019 жылы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, Түркістан қаласында 42 тұрғын үй (2 520 пәтер) және 29 жаңа әлеуметтік-мәдени нысандарының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу басталды. Таяуда ғана мен «High Vill Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры Канг Джон Дэмен кездестім. Бұл алпауыт компания Түркістан қаласында 10 гектар аумаққа көпқабатты тұрғын үйлер салады. Биылдан бастап Түркістанымыз үлкен құрылыс алаңына айналып, мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Қазірдің өзінде «Риксос» қонақ үйі мен Іскерлік орталығының қазығы қағылды. Бірнеше айдан кейін Түркістан қаласында 30 ірі нысанның құрылысы басталады. Ол нысандардың құрылысына 13 инвестор және 16 облыс, қала әкімдіктері де атсалысатын болады. Өңірімізде 125 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдардың жұмыс істеп тұр. Осы салада 186 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, олар шығарған өнім көлемі 130,9 млрд. теңгеге жетті. Қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі – тұрғындарды жұмыспен қамту. Облысымызда 2018 жылдың 1 қарашасына дейін  25 136 жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 65 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып жүзеге асуда. Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алғандардың 215-і  1,1 млрд. теңге көлемінде  шағын несиемен қамтамасыз етілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.