Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 қазан күні Түркістан қаласындағы 6 сектор тұрғындар алқабына қалалық газ инспекция мамандары, №1 МӨСБ, №39 МӨСБ қызметкерлері, сектор меңгерушілері және «Жас Отан» еріктілер қатысуында ауылдағы 256 жеке тұрғын үйлерді аралаумен бірге тұрғындарға жылыту маусымында болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы «Жылыту пештерін қолдануда өрт қауіпсіздігі ережелері», «Жылыту пешінің ақауынан, мұржасынан бітелуінен, газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан иісті газбен уланудың алдын алу шаралары» «Газ қондырғыларын пайдалануда жарылыс, өрт қауіптілігі», «Ақаулы электр қондырғылары пайдалануда, электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шығатын өрттер», «Жас балалардың қараусыздығынан шығатын өрттер, алдын алу шаралары» жөнінде ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері», «Улы газдан уланудан сақтану» арнайы дайындалған жадынамалар үй иелеріне ұсынылды.
Аталған іс-шаралар ауқымды түрде түрлі профилактикалық жұмыстар апта сайын өз жалғасын табады.