Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың бекіткен «Жазғы шомылу маусымында Келес ауданының су объектілерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, аудандағы су айдындарында қауіпсіздікті сақтау және оқыс оқиғалар орын алған кездегі алғашқы көрсетілетін көмекті тұрғындар арасында түсіндіру бойынша іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан әкімі аппаратының, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің, «Абай» Келес аудандық аурухананың қызметкерлері қатысып, тиісті нұсқаулықтар берді.

Сонымен қатар, арнайы белгіленбеген орындарда шомылып жүрген азаматтарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, ескертулер жасалды. Алдағы уақытта су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Аудан тұрғындарының назарына! Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға, тек арнайы, белгіленген шомылу орындарында шомылу қажеттігін ескертеміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *