Шымкент қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекеге орай Абай саябағында орналасқан Даңқ монументіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, соғыс және тыл ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ұрпақтары, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты.

Жиналған көпшілік Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Айта кетейік, 1941-1945 жылдары Шымкент қаласы мен оңтүстік өңірден 140 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанып, олардың жартысына жуығы туған жеріне қайта оралмаған.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қала әкімі М.Әйтенов Абай саябағы аумағында арнайы жасақталған далалық-әскери лагерьге келіп, соғыс және тыл ардагерлерімен бірге театрландырылған қойылымды тамашалады. Онда өнерпаздар майдан даласынан көріністер қойып, соғыс жылдарының әйгілі әндерін шырқады.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс мерекесін Шымкент қаласының халқы да атап өтті. Жастары ұлғайғанымен жанарларынан қайсарлықтың лебі есіп тұрған ардагерлер «Даңқ» мемориалында қауышып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Мұраталы Төлепбергенұлы Шымкент қаласындағы биылғы Жеңіс мерекесін қарсы алған үш майдангердің бірі. 18 жасқа толар толмасында соғысқа аттанған бозбала Брест қамалы үшін соғысқан. Беларусь, Польша, Варшаваны жаудан азат еткен даңқты сарбаз.

Мұраталы Төлепбергенұлы, соғыс ардагері:

22 мың зеңбірек, миномет, катюша бәрі жиылып оқ атып, 4 сағаттан астам артилериялық конанада болды. Сөйтіп Одер өзінен басып алуға қатыстық.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Шымкент қаласынан 23 мыңнан астам азамат атттанған. Бүгін Жеңіс мерекесіне жиылған көпшілік соғыстың ауыр кезеңдерін бейнелеген сахналық көріністі тамашалады. Әскери әндердің концерті де болды.

Адамзат тарихындағы сұм соғыста өрлік, қайсарлық пен өжеттіктің жарқын үлгісін көрсеткен аға ұрпақтың ерлік ісі – кейінгіге үлгі. Сондықтан бүгінгі ұрпақ оларды ерекше қастерлейді, ұлық тұтады. Даңқты ерлікке мәңгілік құрмет көрсетеді.

Қалдар Түнтекова, қала тұрғыны:

Ешқашан ұмытылмайтын дүние ғой бұл. Біздің әрқашан, мәңгі есімізде. Біздің өміріміз үшін бабаларымызға алғыс айтып, бас иемін.

Қазіргі таңда мегаполисте 3 майдангер мен 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады Мереке жиылған көпшілік салтанатты жиыннан соң әскери ботқадан дәм татып, бейбітшілік үшін құрбан болғандарды еске алысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.