ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ
2022 жылы 26 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасы “Қосымша білім беру оқу салалық орталығының” ұйымдастыруымен
М. Менделеев атындағы N15 мектеп-лицейі базасында “Сапалы білім беру — жарқын болашақ кепілі” тақырыбында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
арасында алғаш рет қалалық дебат турнирі өтті . Мақсаты “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту, кеңінен насихаттау болды.Пікірсайысқа
білім басқармасына қарасты 64 білім беру мекемесінен 32 фракция қатысып, 64 тәрбие орынбасарлары
бақтарын сынады. Ойында қаламыздағы ЖОО студенттері және тәжірибелі пікірсайысшы педагогтер төрешілік жасады.
Турнир нәтижесінде жүлделі I орын “БНЛ” фракциясы:
N25 м/г
Ақпаева Айгерім Тасполатовна,
N41 м/л Абдуллаева
Ардақ Қуанбековна;
2 орын “Дарын”фракциясы:
N10 жоббм
Бегалиева Гулжан Тлеулесовна,
Бекболатова Гулзат Лесбаевна;
3 орын “Алаш ұрпақтары” фракциясы:
N97жоббм Акбарова Анар Акжоловна,
N99 м/г Дадашева Гулистан Рысбековна;
“Үздік талпыныс” номинациясын “Альтаир”фракциясы:
N72 жоббм-
Құрманбай Гүлбақыт Тайжанқызы,
N70 жоббм Акшапанова Алмагүл Жумаевна.
Ал Линкольн — Дуглас форматы бойынша турнирге қатысқан 64 тәрбие орынбасарларының ішінен оқ бойы озық шыққан N10 жоббм Бекболатова Гулзат Лесбаевна, “Үздік спикер” N135 жоббм Ахмет Бекзат “Ең үздік спикер” атанды. Ойын барысында үздік ойын көрсеткен басқа да фракциялар
номинациялы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Додалы тартыста өрелі ой өрбітіп, жүйелі сөз шеберлігін көрсеткен, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
Турнирге демеушілік танытқан “Аlpha academy” орталығына, “Жас дарын” ЖШС бастауыш мектебіне ризашылығымызды білдіреміз!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.