“БІЛІМДІ ҰЛТ: ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ. САПАЛЫ БІЛІМ” ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағы секциялық жұмыстар
“БІЛІМДІ ҰЛТ: ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ. САПАЛЫ БІЛІМ” ғылыми-тәжірибелік конференция аясында №137 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша тапсырмалар құрастыру өзектілігі» тақырыбы бастауыш сынып бойынша пленарлық отырыс ұйымдастырылды.
Мақсаты:
— Оқушылардың оқу, математикалық, жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын арттыру, дағды қалыптстыру.
— Сапалы оқыту мен оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру.
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығының әдіскерлері Бағила Халиева мен Нұржамал Ахаеваның ұйымдастыруымен өткен семинар барысында оқушылардың пән бойынша мазмұнын меңгерудеңгейін анықтау, алған білімдерін тест тапсырмаларында қолдану, оқу жетістігін сырттай бағалау туралы сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.
Аталған шараға Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты барлық білім беру мекемелерінен бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшілері мен мұғалімдері қатысты
Шымкентте Қыс-2022 Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Шымкент қаласының білім басқармасы Шымкент қаласының аудандарында орналасқан эвакуациялық жиналу пунктері (ЭЖП) және оның әкімшілік құрамы туралы қала әкімінің 2021жылғы 15 қазандағы √1233 қаулысына сәйкес, білім басқармасына қарасты 123 (жүз жиырма үш) білім беру мекемелері бекітілген. Осыған байланысты, қала әкімінің 15 қараша 2022 жылғы √130-ө орындау мақсатында 24-25.11.2022 жылы Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша, білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде төтенше жағдайдың алдын алу «Жерсілкінісі» апатына қарсы сейсможаттығулар өткізіліп, эвакуациялық жиналу пунктері бір қатар практикалық жаттығудан өтіп, дайындық жұмыстары пысықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *