ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ ЖАҒДАЙЫ 10,8 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Spread the love

 

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев мəлімдеді.

– Шымкент қаласында жыл басынан бері 148 өрт жағдайы тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға төмен деген сөз. Ал жылу беру маусымына дайындық жайлы жеткізсем, жыл сайынғы үрдіс бойынша улы газбен уланудың алдын алу мақсатында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өтті. Бүгінде аталған қауіпсіздік айлығының 2-кезеңі жалғасуда, – деді М.Жақсыбаев.

Мадияр Есенгелдіұлының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда тұрғын жайларды аралау мен жиындарды өткізу бойынша жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер күшейтілуде. Оған қоса, газ қызметтерінің жұмысшыларымен бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пештер мен жылыту құрылғылары тексерілуде. Жалпы тұрғын секторында 74 821 жиын, аула аралау және рейд өткізіліп, 326 812 адам қамтылған.

Брифинг соңында Департамент басшысының орынбасары тұрмыстық газ бойынша түсіндіру нұсқамасына бей-жай қараған тұрғын туралы түсірілген қысқа метражды бейнеролик бүгінде қазнетте жəне шаhардағы ледэкрандарда көрсетіліп жатқанын алға тартты. Осы орайда қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарына мұқият қарауға шақырды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Береке Сейітжаппар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *