«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2025»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕДІ

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беріледі.

Мекенжайы: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы. Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 (фронт-офис, Шымкент қаласы әкімдігінің 1 қабаты).

Құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
пошталық мекенжайы: 160000.
байланыс телефоны:8 (7252) 24-75-12, 24-74-23,24-75-25.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 28 қыркүйек – 12 қазан 2020 жыл, жұмыс күндері сағат 10.00-17.00

! 12 қазан сағат 13.00-ге дейін
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде танысуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *