ШАРДАРА:«ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

 

Бүгін Алатау батыр ауылдық округінде Шардара ауданында «Amanat» партиясы филиалының жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының көшпелі жиыны өтті.

Жиынға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, «Amanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Қарымсақов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры Р.Абдраимов, полиция бөлімі, кірістер басқармасы, санитарлық эпидемиологиялық басқарма, аурухана,кәсіпкерлік палата, Казсушар, адами әлеуетті дамыту бөлімі, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар ауылдық округ тұрғындары қатысып, ашық сауалдар қойды.

Пікірталас форматында өткізілген отырыста негізінен күн тәртібіндегі екі мәселе талқыланды. Олар ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелері мен «Парасат» клубының кезекті отырысының төрағасын сайлау.

Жиын барысында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Әлімқұлов ақпарат ретінде атқарылып жатқан жұмыстарға баяндама жасап, алдағы уақыттағы жүзеге асатын және жоспардағы жобалармен таныстырып өтті. Бөлім басшысы негізінен күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін аудандағы 41 мың гектардан астам егістік жерлердің жағдайын жақсарту үшін ПУИД-3 жобасын іске асыру, ағын су төлемақысын реттеу және 110 шақырымды құрайтын Қызылқұм магистральды каналын бетондау жұмыстарына баса мән берілетіндігін айтты.

«Парасат» пікірталас клубының отырысына келген тұрғындар тарапынан егістік жер алу, егістік жерлерді дұрыс пайдалану, Сүткент ауылындағы Батыс су қашыртқысын жандандыру, Алатау мен Қызылқұм ауылдарында жүзеге асып жатқан ПУИД-2 жобасының жұмыс сапасы мен қарқынын бақылауда ұстау, тыңайтқыш пен жанар-жағармай бағасын жеңілдету, «Koldau.kz» сайтының комиссиялық төлемақысын реттеу, ағын су тарифын төмендету және уақытылы беру, жайылым жер көлемін арттыру және басқа да мәселелер айтылды.

Аудан әкімі мен тиісті мекемелер,бөлімдер тарапынан тұрғындардың сұрақтарына заңды жауаптар беріліп, ұсыныстар қабылданды. Сондай-ақ, «Парасат» пікірталас клубының ендігі отырысы Шардара қаласында өткізілетіндігі айтылып, отырыстың төрағасы бекітілді.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.