Ауданда дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу мақсатында аудан әкімінің 2020 жылғы 5 ақпандағы №30 өкімімен «2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарына жәрдемдесу жөніндегі» аудандық үйлестіру штабы құрылды.
Ағымдағы жылы 59300 гектар суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Оның ішінде: Күздік бидай — 1000 га, арпа – 1500 га, күріш 1500 га, дәндік жүгері – 3000 га, маш – 500 га, күнбағыс – 100 га, мақта — 18000 га, ескі жоңышқа – 14742 га, жаңа жоңышқа – 4098 га, сүрлемдік жүгері – 3300 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 10710 га.
Негізгі дақыл мақталықтың көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 5704 га азайып, оның орнына дәндік дақыл және мал азығы дақылдарының көлемі көбейеді. Қазіргі кезде күзде егілген 1000 га жерге күздік бидай, 15 га күздік пиязға көректендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 4388 га жаңа жоңышқа, 148 га көкөніс, 1620 га жаздық арпа, 3160 га бақша, дәндік жүгері 36 га егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Жер жыртуға межеленген 45321 га жер толығымен айдалды. Көктемгі дала жұмыстарына 24 дана К-700 тракторы, 36 дана Т-150 тракторы, 1092 дана МТЗ-80,82 тракторлары, 39 дана ЮМЗ тракторлары, 110 дана ДТ-75 тракторлары, 998 дана тіркемелер, 978 дана тырмалар, 36 дана дән сепкіштер, 47 дана бүріккіштер және тағы басқа ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Бүгінге дейін АШТӨ-ға 2000 тонна селитра, 650 тонна аммофос, 450 тонна сульфат аммоний, 50 тонна карбамид таратылып, минералды тыңайтқыштар тасымалдау жалғасуда. Сондай-ақ, «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС-ы шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлінді. Ақпан айына 780 тн, наурыз 780 тн, сәуір айына 910 тн, мамыр айына 650 тн. Операторлар болып «КазРосНефть» және «Simyrg Trans Oil» ЖШС белгіленді. Бүгінге дейін «КазРосНефть» 302 тонна және «Simyrg Trans Oil» ЖШС 228,9 тонна жанар-жағармай тасымалдап, тасымалдау жұмыстары жалғасуда. Операторлардың жанар-жағармай бекеттерінде жеңілдетілген бағада 160 теңгеден жанармай босатылуда.
Ауданда 32912 га суармалы жерлерге ылғалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл округтерінде орналасқан агро құрлымдар тарапынан «Казсушар» РМК ТФ филиалымен ағын су алуға келісім шарттар жасалынып бүгінгі таңға берілген сұраныстарға сәйкес Қызылқұм магистралды каналы арқылы (КМК) 23,6 м3/сек ағын су босатылуда. Ауданда ылғалдандыру жұмыстарына байланысты ауыл округтері бойынша су алу кестесі жасалынып, бекітіліп, ауыл округтері әкімдеріне жолданды және кестеге сәйкес ылғалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 26323 га жер ылғалдандырылды. Ылғандандыру жұмыстары жалғасуда.
Бүгінге дейін 2020 жылға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мақта егістігіне қажетті 450 тн шиттің 100 тоннасын «Нимэкс» ЖШС, 30 тоннасын «Шардара мақта» ЖШС, 120 тоннасын «Мырзакент» АҚ таратты. Осыдан бөлек жеке кәсіпкерлер сұранысқа байланысты мақта шитін таратуда. Көктемгі дала жұмыстарына шаруаларды қаржыландыру бойынша «Мырзакент» АҚ «Агрокредиттік компания» АҚ-нан жылдық 7 пайызбен шаруаларға 380 млн теңге таратуда. Сондай-ақ, «Ырыс МКҰ» ЖШС АШТӨ-ды 409,7 млн теңге қаржымен несиелендірді, комитетте қаржыландыру бойынша 59 млн теңге қаржы қаралуда. «Нимэкс», «Шардара мақта», «Мырзакент» мекемелері фьючерс әдісімен мақташыларды қаржыландыруда.
Зиянды зиянкестер, марокко шегерткесі дернәсілдерінің орналасуына анықтау жұмыстары жүргізілуде. Анықтау жұмыстарына РММ мамандарынан 7 адам, аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркелген 36 адам анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін 5-ке дейін 218 га жерді марокко шегерткесінің қоныстанғаны анықталды. ЭЗШ-нен асқан жер көлемі жоқ. Тиісті жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде
Медиаон ақпарат