1.Ауданның 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес, аудан бойынша 65,1 мың га жерге егін егу жоспарланған, қазіргі таңда 54120 га жерге егіс егілді.

Жалпы егіс көлемінің 29648 га жеріне күздік бидай, 5000 га арпа, 790 га дәндік жүгері, 3500 картоп, 3980 га кырыққабат, 390 га бақша дақылдары, 1347 га көкөніс өнімдері егілген.  7800 га ескі жоңышқа болып,  ағымдағы жылы қосымша 1000 га жаңа жоңышқа себілді. Егіс егу жұмыстары жалғасуда.

Жабық топырақ жағдайында  487 гектар қызанақ және 178 гектар қияр болып, жалпы 665 га жылыжайға көкөністер егілді.

Қазіргі таңда ауданымыздағы жабық топырақ және ашық топырақ жағдайында егілген көкөністерден  өнім жинау науқаны  басталды. Атап айтқанда: бүгінгі таңда жабық топырақ жағдайында 540 тонна қызан, 690 тонна қияр өнімі және 80 тонна көкот, 780 тонна патисон, 90 тонна болгар бұрышы жиналды. Ашық топырақ жағдайында 180 тонна қырыққабат, 1910 тонна редиска, 370 тонна тұрып және 10 тн құлпынай  жинап алынды.

Аудан аумағынан бүгінгі күнге 3850 тонна көкөністер  Нұр-Сұлтан,  Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Орал,  Атырау, Түркістан, Алматы және Шымкент қалаларына  және Ресей мемлекетіне  тасымалдануда.

Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 2600 тонна жанар-жағар май бөлініп, таратушы оператор «Oskar Oil» ЖШС-де  агроқұрылымдарға жанар-жағар май  таратылуда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *