Алдағы меже – өнімділік көлемін 5 мың тоннаға жеткізу.

Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан 110 мың гектар алқапта ең тәтті алма өсіріледі, деп хабарлады . Бұл – өңірдегі индустриялық бағдарлама аясында іске қосылған бірегей жоба. Бау салған бағбандардың биылғы қол жеткізген өнімі де жаман емес. 2,5 мың тоннадан асып жығылады. Алдағы меже – өнімділік көлемін 5 мың тоннаға жеткізу. Мұнда жер емген диқан алма мен қара өріктің шетелдік сұрпын жерсіндірген. Серіктестік құрған шаруа өнімді сақтау мен тасымалдау және оны қайта өңдеумен айналысады. Бұл серіктестікте алманың 13 түрі бар. «Негізінен бау-бақшада 5 сұрыптағы Италия, Түркия мен Голландияның алмаларына сұраныс жоғары», – дейді Сапарбек Ержігітов. Мұнда бау шаруашылығын дамыту ерекше қолға алынған. Алқапқа алманы отырғызудан бастап, оның өнімін жинау, сақтау, жеткізіп беру барлығы жолға қойылған. 110 гектар алқаптың дені – алма. Ал 5 гектарға қара өрік егілген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *