САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Spread the love

Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы шеңберінде  Сайрам ауданынан 2020 жылдың I тоқсанында Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне 465 бас мүйізді ірі қара мал мен 75 бас жылқы, 57 бас уақ мал тірідей және 506 тонна сиыр еті, 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында экспортталған.

Бұдан бөлек, 566 тонна мал азықтық құрама жем Өзбекстан және Ауғанстан мемлекеттеріне жөнелтіліпті.

Экспорттан бөлек, сайрамдық ет өндірушілер өз өнімдері мен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының және де Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе сынды қала тұрғындарын да қамтамасыз етіп келеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *