Мал басын асылдандыру мақсатында Ресей мемлекетінен  Қарабұлақ ауыл округіндегі орналасқан «Зафар» ШҚ және ЖК «Раимкулов»  212 бас (Герефорд) етті бағыттағы аналық мал басы сатып алынды.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ауданнан 700 тоннаға жуық ет өнімдері экспортталды. Атап айтқанда: Өзбекстан, Иран, Ресей  мемлекеттеріне 465 бас МІҚ,75 бас жылқы, 57 бас УАҚ мал тірідей және 506 тонна сиыр еті, 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында экспортталды.Сонымен қатар, 566 тонна мал азықтық құрама жем Өзбекстен және Ауғанстан мемлекеттеріне экспортталды.

Ет экспорты әлеуетін арттыру бағытында «Нұрым групп» ЖШС мал бордақылау алаңының қуаттылығын 15000 басқа жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1075,0 млн теңгені (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 638 есе) құрады.

Тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 250,0 млн теңге (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 151%).

Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу бойынша өтінімдер қаржы ұйымдары тарапынан қабылдау басталуына байланысты, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің назарына несие алу үшін кепіл құжаттарын тіркеуді аудандағы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі (басшысы – А.Нышанбаев 8/702/188-80-80) арқылы жүргізетіндігі жөнінде хабарлама жеткізілді. Бүгінгі күнге аталған мекемеде арнайы бір маман жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, аумақтық инспекция қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағынан  шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өзге аймақтарға кедергісіз өткізу мақсатында қолдау шаралары жүргізілуде. Бөлім тарапынан 50 дана #bizbirgemiz логотипі дайындалып, аумақтық инспекцияға тапсырылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *