Сақтық әрқашан керек!

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала аумағында орналасқан адамдар көп шоғырланатын орындарда (“Арай сити мол”, “Жібек жолы” және базарларда) дауысзорайтқыш арқылы адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтарды таратты.

Азаматтық қорғаныс басқармасы

Всегда нужна осторожность!

Сотрудники Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области в местах массового скопления людей (на рынках и “Арай сити мол”, «Жибек жолы»), расположенных на территории города, провели разъяснительную работу людям с использованием громкоговорителя и раздали листовки.

Управление гражданской обороны

 

Балық аулау сақтықты қажет етеді!

Күз мезгілінің соңғы айында су айдындарында мұз қату кезеңі басталады. Осы орайда қауіпсіздік мәселесі қашанда өзекті және күрделі болып қала береді. Ал балық аулаушылардың қауіпсіздік талаптарын ескермеуі түрлі қайғылы жағдайға әкеліп соғатыны да жасырын емес. Сондықтан әрбір адам жақындарына тұрақты түрде түсіндірме жұмысын жүргізуі қажет.

Рыбалка требует осторожности!

В последний месяц осеннего сезона на водоёмах начинается дедниковый период. В этой связи вопрос безопасности всегда остается актуальным и сложным. Не секрет, что пренебрежение рыбаками требований безопасности приводит к различным трагедиям. Поэтому каждому человеку необходимо регулярно проводить разъяснительную работу со своими близкими.

Оперативно-спасательный отряд

 

Мемлекеттік тілім — мерейім

2022 жылдың 17 қазан — 3 қараша күндері аралығында «Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту» курсының В2 деңгейін Сарыағаш ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері сәтті аяқтады. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің сертификатын Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы Төлепбергенова Айгүл Әділханқызы 2022 жылдың 3 қарашасында бөлім қызметкерлеріне табыстады.

Сарыағаш ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі

Государственный язык – моя гордость

С 17 октября по 3 ноября 2022 года курс «Уровневое обучение государственному языку» В2 успешно завершили сотрудники Пожарной части №14 Жанакорганского района. 3 ноября 2022 года сертификат КГУ «Центр обучения языкам Кызылординской области» Управления общественного развития Туркестанской области вручила сотрудникам Отдела преподаватель государственного языка по сарыагашскому району Толепбергенова Айгуль Адильхановна.

Пожарная часть №14 Сарыагашского района

 

Өрттің алдын алу бағытындағы үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және Сарыағаш ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылу беру маусымында өрттің алдын алу және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кент тұрғындары мен «Нұр» базарының сауда дүкендерінде өрт қауіпсіздігі ережелері мен балаларды қараусыз қалдырмау, электр қондырғылары жүйелерін өрт қауіпсіздігі ережесіне сай пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге арнайы дайындалған тақырыптық үнпарақтарды таратты.

Сарыағаш ауданы ТЖБ

Продолжается агитационно-разъяснительная работа по предупреждению пожаров

В целях предупреждения пожаров и других чрезвычайных ситуаций в отопительный сезон сотрудниками Отдела по чрезвычайным ситуациям Сарыагашского района и Пожарной части №14 Сарыагашского района проведена разъяснительная работа по правилам пожарной безопасности и не оставлять детей без присмотра, эксплуатации систем электроустановок в соответствии с правилами пожарной безопасности. Также раздали специально подготовленные тематические листовки.

ОЧС Сарыагашского района

 

Сайлау қарсаңында өрт қауіпсіздігі туралы

Қазығұрт ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 1 қарашасында аудан көлемінде орналасқан сайлау учаскілеріне қарау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, бекітілген жауапты мамандарға өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін түсіндірді.

Қазығұрт ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

О пожарной безопасности накануне выборов

Сотрудниками Отдела по чрезвычайным ситуациям Казгуртского района 1 ноября 2022 года проведен осмотр избирательных участков, расположенных в районе. Также разъяснили утвержденным ответственным специалистам требования и правила пожарной безопасности.

Отдел по чрезвычайным ситуациям Жанакорганского района

 

Өрттің алдын алу бағытындағы үгіттеу-түсіндіру жұмыстары

Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Сайрам ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылу беру маусымында өрттің алдын алу және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кент тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін және балаларды қараусыз қалдырмау, электр қондырғылары жүйелерін өрт қауіпсіздігі ережесіне сай пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы дайындалған тақырыптық үнпарақтарды таратты.

Сайрам ауданы ТЖБ

 

Агитационно-разъяснительная работа по предупреждению пожаров

В целях предупреждения пожаров и других чрезвычайных ситуаций в отопительный сезон сотрудниками Отдела по чрезвычайным ситуациям Сайрамского района и Пожарной части №14 Сайрамского района проведена разъяснительная работа жителям поселка по правилам пожарной безопасности и не оставлять детей без присмотра, эксплуатации систем электроустановок в соответствии с правилами пожарной безопасности. Раздали специально подготовленные тематические листовки.

ОЧС Сайрамского района

 

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 1 қарашасы күні аудан көлемінде орналасқан сайлау учаскілеріне қарау жұмыстарын жүргізді. Олар қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты мамандарға өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін түсіндірді.

Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Проведена разъяснительная работа

Сотрудниками Отдела по чрезвычайным ситуациям Созакского района 1 ноября 2022 года проведен осмотр избирательных участков, расположенных в районе. Они разъяснили требования и правила пожарной безопасности специалистам, ответственным за соблюдение требований безопасности.

Отдел по чрезвычайным ситуациям Созакского района

 

Алтын күз-2022

Жуырда Сайрам ауданының тұрғындары Ы. Жақаев саябағында алтын күз мерекесін тойлады. Іс-шара барысында аудан азаматтары арасында өткізілген қол күрес сайысынан № 13 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Нұржан Кененбаев жүлделі 3-орынды иеленді. Салауатты өмір салтын ұстанатын Нұржан, алдағы уақытта да спорт саласында жетістікке жететініне сенімді.

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Золотая осень-2022

Недавно жители Сайрамского района отметили праздник золотой осени в парке И. Жакаева. В ходе мероприятия командир Пожарной части №13 старший сержант гражданской защиты Нуржан Кененбаев по армрестлингу среди граждан района занял призовое 3 место. Нуржан, ведущий здоровый образ жизни, уверен, что и в дальнейшем добьется успехов в сфере спорта.
Отдел по чрезвычайным ситуациям Сайрамского района

 

Өрт-тактикалық жаттығу

«Жалаңтөс Баһадур Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ жатақханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл жатақханада 250 тәрбиеленуші тұрады. Мектеп-интернат кешенінің құрамына оқу ғимараты, жатақхана, асхана, көкөніс қоймасы, шаруашылық корпусы және гараждар кіреді.
Оқу-жаттығудың тактикалық жоспары бойынша өрт үшінші қабаттағы жатақхана бөлмелерінің бірінде орын алып жатқаны туралы хабарлама сағат 16-дан 15 минут өткенде «112» құтқару қызметіне түсті. Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен арнайы күш-құралдар жұмылдырылды. Ал, қажетті көмек келгенше интернат қызметкерлеріне балаларды ғимараттың корпусынан шығару үшін бес минуттан аз уақыт қажет болды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізді. Газ-түтінен қорғау буыны ғимараттың ішінде қалған 4 зардап шеккен оқушыны ғимараттан сыртқа алып шықты.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — жедел топтар мен арнайы қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау.
Оқу-жаттығуға 63 қызметкер 8 техникасымен жұмылдырылды. Сонымен қатар оқу-жаттығуға жергілікті полиция қызметкерлері, Медициналық апаттар орталығы, газ және электр желісінің бригадалары қатысты.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Н. Исанов аталмыш өрт-тактикалық оқу-жаттығуға оң бағасын беріп, мұндай шараларды жиі өткізу өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларды дамытатынын айтты.

түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»

Пожарно-тактическое учение
В общежитии КГУ «Областная специализированная школа-интернат-колледж олимпийского резерва имени Жалантоса Бахадура Сейткулулы» проведены пожарно-тактическое учение. В этом общежитии проживают 250 воспитанников. В состав комплекса школы-интерната входят учебный корпус, общежитие, столовая, овощехранилище, хозяйственный корпус и гаражи.
По тактическому замыслу учений, сообщение о том, что произошел пожар в одной из комнат общежития на третьем этаже, поступило в Службу спасения «112» в 16 часов 15 минут. По данному вызову из Пожарной службы были задействованы специальные силы и средства. А до прибытия необходимой помощи сотрудникам интерната потребовалось менее пяти минут, чтобы вывести детей из корпуса здания. Оперативно прибывшие пожарные провели разведку. Газодымозащитное звено вывело из здания 4 пострадавших школьника, оставшихся внутри здания.
Основная цель учения — отработка взаимодействия оперативных групп и спецслужб.
В учениях задействованы 63 сотрудника с 8 техникой. Также в учениях приняли участие сотрудники местной полиции, Центра медицинских катастроф, бригады газовых и электрических сетей.
Заместитель начальника «Службы пожаротушения и аварийно-спасательных работ» ДЧС Туркестанской области подполковник гражданской защиты Исанов Н. дал положительную оценку данному пожарно-тактическому учению, отметив, что частое проведение таких мероприятий развивает профессиональные навыки пожарных.

«Служба пожаротушения и
аварийно-спасательных работ»
ДЧС Туркестанской области

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.