Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды
Кентау қ., Сол жағалау шағын ауданы №52 5 қабатты тұрғын үйдің жанындағы газбен жабдықтауды авариялық ажырату жөніндегі ақпаратқа толықтыру:
16 сағат 20 минутта «ҚазТрансГазАймақ» АҚ күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.
Түркістан облысы ТЖД
Ақпарат
2022 жылғы 5 желтоқсанда сағат 12-ден 50 минут өткенде облыстың ТЖ департаментінің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат келіп түсті: Кентау қ., ш / а. Сол жағалау, №52 5 қабатты тұрғын үйдің жанында, диаметрі 110 мм жоғары қысымды жерасты газ құбырында газдың ағып кетуіне байланысты (ШРП-2 авариялық ажырату), 3001 абонент, 52 көппәтерлі тұрғын үй газбен жабдықтаусыз қалды. Газдың сөнуі жылумен жабдықтауға әсер етпеді, үйлер Автономды-блокты кіші қазандық — АБМК-17 арқылы жылытылады. Қалпына келтіру жұмыстары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ күшімен жүргізілуде (20 адам және 2 бірлік техника). Оқиға орнына шықты: ТЖД (3 қызметкер және 1 бірлік техника).
Түркістан облысы ТЖД
Қызылорда қаласына қарасты «Абай» ауылдық елді мекенінде тұрғын үй секторындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді🔊
Өрт санының көп бөлігі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау себебінен орын алады. Ол дұрыс орнатылмаған қазандықтар, газ пештерін жөндеу және дайындау жұмыстары кезінде, от алдырғыш аспаптар мен сіріңкелерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан.
Жылыту маусымы кезеңінде Кентау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері жеке тұрғын үй секторларында профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.
Осындай іс-шаралардың басты мақсаты — тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу болып табылады. Күнделікті өмірде тұрғындар жылыту пештері және электр құрылғыларымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелеріне көп назар аудара бермейді.
Үгіт-насихат жүргізу кезінде тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салып, қауіпсіздік туралы нұсқама өткізіп, жадынамалар таратылды.
Кентау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
Сауда үйлерінде қауіпсіздік туралы айтылды
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері адамдар көп жиналатын сауда нысандарында яғни, «ArayCityMall» сауда ойын-сауық орталығында 2022-2023 жылғы жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге өрт және қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік бойынша үнпарақтарды таратып, LED экрандарынан арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсетті.
Кентау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
Сыр құтқарушысының бейнесі
«Қатарынан озған озат оғылан»
Мейрамбек атты жігіт ағасының шаңырағында жаздың жайма-шуақ күні — дәлірек цифрларға жүгінсек, 1995 жылдың 12 маусымында Сыр өңірінің шырайлы Арыс шағын ғана Тартоғай атты ауылында дүние есігін ашты. 2002 жылы №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейдің табалдырығын аттады. Аталған оқу орнында қатарының алды болып көзге түсті. 2014 жылы ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсіп, 2018 жылы оқу орнын «үздік» бағамен тәмамдағаны үшін ҚР Ішкі істер министрі генерал-полковник Қ. Қасымовтың қолынан «лейтенант» шенін алды. 2018-2020 жылдары Арыс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде инженер, кейін бас маман болып қызмет атқарды. 2020 жылдан бері Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы болып еңбек етуде. Сыр шертіп отырған кейіпкеріміздің аты-жөні — Базарбек Қадыржан Мейрамбекұлы.
Иә, ол қызмет барысында түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу және жою жұмыстарына жан аямай атсалысып келеді. Мәселен, 2021 жылы Қостанай облысында орын алған су тасқыны кезеңінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған жедел топтың құрамында болып, өзіне берілген тапсырманы жоғары деңгейде өтеді. Оған қоса қысқы кезеңде автокөліктің бұзылуы немесе ауа райының нашарлауынан жолда қалып қойған адамдарды құтқару операциялары кезінде көптеген адамдарға эвакуациялау-құтқару көмегін ұйымдастырды. Облысымызда өткізілген «Көктем», «Қыс», «Зымыран», «Жер» халықаралық және республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында белсенділік танытты. Қызметте ерекше белсенділігі үшін облыс әкімінің және Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен марапатталған. Қолы қалт еткенде бос уақытты мағыналы және тиімді өткізу — оның басты қағидасы. Отбасында да ата-анасы мен ағасына көңіл бөліп, қас-қабағына қарай білетін бауырмал, ізетті жан. Бос уақытында оларға қызмет етіп, ақ батасын алуды әдетке айналдырған.»Салауатты өмір салтын ұстану басты бағдарым. Футбол, волейбол, үстел теннисі, бильярд ойнау жаным сүйетін ісім, бос уақыт болса спортты ермек етемін. Доп қуалау дене сергітеді, үстел теннисі шапшаңдыққа тәрбиелейді, бильярд ойнау есептеу мен дәлдікке машықтандырады»,-дейді ол өзінің хоббиі туралы. Бұдан бірнеше ай бұрын кейіпкеріміз Қадыржан Әселдей сұлумен бас қосып, отау иесі атанды. Сыр құтқарушысы құрған жас шаңырақ бақыт-шаттыққа бөленіп, тамырын тереңге тартқан мәуелі бәйтеректей жайқалып өсе берсін деген тілек мол.
Айгүл Асылқызы
Рейд
Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні су айдындарында рейдтік іс — шараларды жүргізді. Іс-шара аясында адамдардың қазасын болдырмау және балық аулау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында Жаңақорған кенті Әлімкөл көлі және Сырдария өзенінің жағалауындағы балықшыларға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Жаңақорған кенті Манап Көкенов көшесінің бойында орналасқан арнайы балық аулауға арналған құрал-саймандар сататын дүкеннің сатушыларына да үгіттеу-түсіндіру жұмыстары барысында арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.
Арыс ауданы ТЖБ
Жедел кеңес
Ағымдағы жылғы 1-желтоқсанда Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 2022 жылдың ІІ-жартыжылдығына арналған тексеру кестесінің орындалуы бойынша жедел кеңес өткізілді.
Кеңес барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөнінде атқарылған жұмыстар талқыланды.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
Өрт сөндірілді
2022 жылғы 1 желтоқсанда сағат 12-ден 47 минут өткенде Қызылорда қаласындағы Кенесары хан көшесі №93 мекен-жайда, газ-ауа қоспасының жылыстауы салдарынан аталмыш уақытша тұрғын жайдың 48 шаршы метр аумағы жанды. Соның нәтижесінде өртке қарсы қызмет келгенге дейін денелерін өрт шалған 1991 жылы туған азаматша мен 1970 жылы туған азамат (денелерінің қанша пайыз күйгендігі анықталуда, жағдайлары ауыр) ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 13-тен 20 минут өткенде оқшауланып, сағат 13-тен 28 минут өткенде толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына шығып, тиісті іс-әрекет жасағандар: ТЖ департаментінен (15 қызметкер және 3 техника бірлігі), Апаттар медицинасы орталығынан (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), жедел медициналық көмек бригадасынан (4 адам және 1 техника бірлігі), КРЭК-тен (2 адам және 1 техника бірлігі), ҚазТрансГазАймақтан (3 адам және 1 техника бірлігі).
Түркістан облысы ТЖД
Видеода: Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі
азаматтық қорғау капитаны
Медеуов Нұрхан Сақтапбергенұлы
Су айдынында сақ бол, азамат!
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы, Жедел құтқару жасағының қызметкерлері бірлесіп, қала аумағында орналасқан су айдындарында түсіндірме жұмысын атқарды. Олар канал, көл, өзен жағасындағы балықшыларға үнпарақтарды таратып, судағы-мұздағы қауіпсіздік қағидасын түсіндірді.
Түркістан облысы ТЖД
Сыр құтқарушысының бейнесі
Жігіттің сұлтаны байқауының бас жүлдегері — Нұрсұлтан
Жалғасов Нұрсұлтан Қойшыбайұлы 1996 жылы 13 қаңтарда Амангелді ауылында дүниеге келді. 2002-2009 жылдар аралығында ауыл мектебінің мақтанышы болды. Спортқа жаны құштар бозбала мектеп қабырғасында бокс үйірмесіне қатысып, көптеген жарыстарда биік белестерді бағындырып, №42 Қ.Баймағанбетов мектебінің мерейін үстем етті.
Сыныбының оқу үздігі спортқа да ден қойды. 2009 жылы Дарынды балаларға арналған Жалаңтөс Баһадүр спорт-интернатына оқуға түсті. Спорт-интернатында көптеген халықаралық жүлде иегері атанды. 2011 -2015 жылдары М. Мәметова атныдағы гуманитарлық колледждің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын оқыды. Оның тағы бір қасиеті, колледжде оқып жүріп, жазғы каникул кезінде ауылымыздағы спорт мектебіндегі жас жеткіншектермен өз білгенін бөлісіп, інілеріне қамқор болғанына риза боласың. Ауыл жастарын ұйымдастырып көптеген іс-шараларды өткізді. Мен осы спорт мектебінде қызмет еткендіктен Нұрсұлтанның спортқа деген қызығушылығымен қоса ұйымдастыру қабілеті өте жақсы екенін байқадым. Колледжде оқып жүріп Нұрсұлтан Қазақстан Республикасының біріншілігінде 70 кг салмақтан 2 орын алса, жастар арасында Жетісу кубогының ХІ халықаралық турнирінің 2 орын иегері болды. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжін «Үздік қызыл дипломмен» тәмамдады.
2015-2016 жылдар аралығында әскери борышын Атырау қаласындағы №41433 әскери бөлімшесінде өтеді. Борышын өтеу барысында батыс өңірлік әскерилер арасында бокстан 1 орын, қоян-қолтық ұрысынан 2 орын, қол күрестен 3 орын иеленіп, өзінің спорт саласын қатар алып жүрді. 2017 жылдан бері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Арыс қаласы №6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Осындай жауапкершілігі ауыр салада Нұрсұлтан өзінің жан-жақтылығын көрсетіп келеді. Өрт сөндіру бөлімдері арасындағы үздік газ-түтіннен қорғаушылар жарысында екі рет 2019-2020 жылдары 2-орын және кроссфиттен болған жарыстан 2-орын алды. 2022 жылы өрт сөндірушілер арасындағы «Жігіт сұлтаны» сайысының бас жүлдегері атануы, оның өзінің өнерден де хабардар екенін көрсетті.Аққөңіл, қайратты, көпшіл мінезімен жүрген ортасында сыйлы азамат Нұрсұлтан ауылымыздың мақтанышы. Менің бұл мақаламды жазғандағы мақсатым: жастарымыз Нұрсұлтанды үлгі етіп, салауатты өмір салтын дәріптеп, спортпен айналысып, еліне қызмет етіп, өркениетті еліміз Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосса деймін. Нұрсұлтан бүгінгі күні жас шаңырақ иесі. Мөлдірдей келіншегімен ұл-қыз тәрбиелеп Қазақстанның демографиясына да атсалысып отырған ауылымыздың мақтанышы болатын жастары. Сөзімді қортындылай келе айтқым келгені: елімізді гүлдендіретін де, жетілдіріп дамытатын да жастар. Ата-бабамыз айтып, сеніп кеткен жастарға біз де сенім артып, Қазақстанның болашағы — жастарымыздың әр басқан жарқын қадамын қолдайық, алған асуларына «бәрекелді» дейік.
Әбдіраманова Ләззат, Амангелді ауылы спорт мектебінің техникалық қызметшісі
«ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалынан Республикалық маңызы бар автомобиль көлік қозғалысына
шектеудің алынғаны туралы
2022 жылдың 1 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен 00 сағат 30 минуттан бастап, ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1803-2057 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу алынды.
Сыр құтқарушысының бейнесі
«Ән — көңілдің ажары»,-дейді аға анықтаушы, спортшы, музыкант Мұхамедәлі Мейірбекұлы
Сәрсенбек Мұхамедәлі Мейірбекұлы 1998 жылдың 22 қаңтарында Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 2004 жылы №163 орта мектептің табалдырығын аттады. 2013-2017 жылы Қызылорда қаласындағы «Абылай хан» атындағы колледжде білім алды. 2017-2021 жылы ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында жоғарғы білім алып, лейтенант әскери шенді иеленді. 2021 жылдың маусымынан Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болып қызмет атқаруда. 2022 жылдың сәуірінен бастап Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы.
«Бос уақытымда теңбіл допты қос аяқта ойнатқанды жаным сүйеді. Футбол бір жағынан тынысыңды кеңейтеді. Доп қуалап жүгіру, бүкіл дененің қозғалысын реттейді, қан айналымды жақсартады.
Оқушы кезімнен бері 9 жыл бойы бокс үйірмесіне де қатысып, республикалық турнирлердің жүлдегері, ауданда, облыста чемпион болып та үлгердім. Қазіргі күні физикалық қабілетімді жоғалтпас үшін бокспен тұрақты түрде айналысамын.
Тағы бір хоббиім — гитара тарту. Бұл аспапты алғаш рет Көкшетау техникалық институтында оқып жүргенімде үйрендім. Курсанттардың кешкі бір мезгіл бос уақытында гитарада ойнауды меңгеріп, қазіргі таңда көптеген әуендерді еркін орындайтын болдым»,-дейді Мұхамедәлі Мейірбекұлы әңгіме барысында.
Бос уақытын қалт жібермейтін жас маманға алдағы уақытта да жан-жақтылығымен көзге түсіп, абыроймен қызмет ете бер деген тілек білдірдік.
Айгүл Нұрманова, Қоғаммен байланыс тобының бас маманы
Сыр құтқарушысының бейнесі
Бағланның бағдары
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы — Бағлан Бөлешұлы 1994 жылы 29 тамызда Бидайкөл ауылында дүниеге келген. 2001 жылы №148 қазақ орта мектебінің 1-сыныбына барып, 2012 жылы мектепті тәмамдаған. Сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің» «Механика және Мұнай-газ ісі» мамандығына оқуға түсіп, 2016 жылы аяқтаған.
2017 жылдың басынан Шымкент қаласындағы №4 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы, 2017 жылдың тамызынан Қызылорда қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, сол жылдың қарашасынан бастап Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде инженер болып қызмет атқарған. Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне 2018 жылы инженер болып тағайындалған. Қазір осы бөлімнің бас маманы.
Ол бөлімде жұмыс атқару кезінде өзінің жан – жақтылығын және тиянақтылығын көрсетті.
Азаматтық қорғау капитаны Б. Әбсаттаров аудан көлемінде БАҚ арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу, өртті, судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Арыс ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Қауіпсіз автокөлік», «Автокөлікті өрттен сақтайық» тақырыптарында рейдтік жұмыстар жүргізген.
Жылу беру маусымында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көмірқышқыл газын анықтайтын 170 қондырғыны (датчик) аудандағы тұрмысы төмен, көпбалалы, мүгедек адамы бар отбасылардың үйлеріне орнатуға қатысты. Сонымен қатар Бағлан бос уақытында футбол ойнағанды және тенниспен айналысқанды ұнатады. Отбасылы, із жалғар — атұстарды тәрбиелеуде.
Арыс ауданы ТЖБ аға инженері Нұрперзент Мұсахан