Кентау қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілерінің өрт оқиғаларына шығу барысынан бейнекөріністер. Өрт сөндірушілердің әр күні көзсіз ерлікті талап етеді. Қаһарман азаматтарымызға амандық, қызметте абырой тілейміз.
Сыр құтқарушысының бейнесі
Өлең өру де, өрт сөндіру де жан қалауына айналған азамат
Соңғы кездері елімізде тілсіз жаудың салдарынан болатын төтенше жағдайлар жиілеп кетті. Әсіресе тұрғын үйлер мен ғимараттардан шығатын өрт жағдайлары. Мұндай да әрине алдымен өрт сөндірушілер көмекке келетіні түсінікті. Сондықтан болар осы мамандық иелеріне деген халықтың құрметі ерекше. Солай болуы да тиіс. Себебі өзгенің өмірі үшін өз өмірін тәуекелге тігіп, ерлік жасауға дайын тұратын нағыз азаматтар бар. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген. Егер төтенше жағдай бола қалған жағдайда, қауіпті қадамға барып, өзіне жүктелген міндетті орындауға әзір тұрады сол азаматтар. Сондай жанның бірі – азаматтық қорғау аға сержанты Кенжебек Кеңесұлы.
Ол бүгінде ҚР ТЖМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы болып қызмет атқарады. 1995 жылы 23 маусымда Қызылорда облысы Сауран ауданы Шижаға елді мекенінде дүниеге келген Кенжебектің әкесі Кеңес Балымбетұлы кеңшарда көлік жүргізуші болып еңбек еткен. Анасы Мәлика Қылышбайқызы алтын алқа иегері, үй шаруасын атқара жүріп, кондитерлік цехта шебер ретінде тер төккен.
Кейіпкеріміз Кенжебек 2013 жылы Арал ауданы Шижаға елді мекені №57 Е. Көшербаев атындағы орта мектепті бітіріп, Кентау қаласындағы Арал индустриалды техникалық колледжінің «Кең бейінді құрылыс шебері» мамандығы бойынша оқу бітірген. Колледж қабырғасында жүріп түрлі өнер байқауларына қатысып, өзінің өнерге деген құштарлығын байқатқан. Алайда, алға ұмтылдырған арман әскери адам болу еді. Сол тілегі қабыл болған Кенжебек өрт сөндіруші болып еңбек өтілін бастайды.
Сәл шегінсек, Кенжебекке 2016 жылы әскерге шақыру қағазы келеді. Отан алдындағы борышын өтеу өзіндік парызы екенін жете түсінген ол, 2016 жылы әскерге аттанып, Павлодар қаласы №6679 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп, 2017 жылы елге келеді. Осылайша әскереи өмірге деген қызығушылығы артып, қызметін өрт сөндіруші болып бастайды. Бұл 2018 жыл болатын Қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, тәжірбиесін арттырып, бөлімнің қоғамдық жұмыстарында да белсенді көзге түсті. 2018 жылы өрт сөндіру бөлімдері арасында өткізілген «Үш тұғырлы тіл, бәсекеге қабілетті» байқауға қатысып, 3 орынды иеленіп, «Әзіл-қалжың шебері» номинациясымен марапатталған. Осы байқауда өнерімен көзге түсіп, Қызылорда облысы ТЖД-нің намысын қорғау үшін облыс көлемінде мемлекеттік қызметкерлер арасында болатын жайдарман көңілді тапқырлар сайысына шақырту алды. Өзінің әріптестерімен бірге қарқынды дайындығының нәтижесінде, сол жылы 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты көңілді тапқырлар сайысында 1 орынды иеленіп, ерекше өнер көрсеткені үшін «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді.
2019 жылы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында және жастар жылына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған «Отан және төтенше жағдайлар қызметі» тақырыбындағы байқауға қатысып, 1 орынды иеленіп, Департамент бастығының арнайы дипломымен марапатталды.
2020 жылы 19 қазан – «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне орай «Nur Otan» (қазіргі «Amanat») партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Төрешованың арнайы Алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылы Конституция күніне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасында өткізілген «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң» тақырыбындағы өлең оқу байқауында 2 орын алды.
2022 жылы 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты сайыста І орынды иеленді.
2022 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында өткен ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Жас қаламгер» атты жас ақындар сайысында «Қаламгер» номинациясы бойынша 1 орын алғаны үшін «Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының» бастығы, техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник С.Д. Шәріпхановтың арнайы грамотасымен марапатталған.
Кенжебек Кеңесұлына өрт сөндіре жүріп, бос уақытында шығармашылықпен айналысып жүргені үшін, қоғамшылдығы үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беруіне тілегіміз мол.
Түркістан облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» баспасөз-хатшысы
Әлия Қайратқызы
Өрт қауіпті!
Арыс ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері тұрғын үйлер иелеріне «Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау», «Электр қондырғыларын дұрыс пайдалану», «Өрттің алдын алу», «Балаларды үйде қараусыз қалдырмау» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған үнпарақтарды таратты.
Арыс ауданы ТЖБ
Сабақ
Жақында Арыс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Ш. Жәдіков М. Қаратаев атындағы №51 жалпы орта мектебінде Жаңақорған ауданының білім бөліміне қарасты барлық жалпы орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізді.
Интерактивті сабақ барысында мектеп оқушыларының Төтенше жағдай кезде дұрыс іс-әрекет етуге үйрету мақсатында: «Мұз астынан балық аулау кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары», «Мұздағы қауіпсіздік», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі және өрт кезіндегі іс-қимыл қағидалары», «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға шақыру» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Интерактивті сабақтың онлайн түрде 42 мектептен 830 оқушы мен 60 мұғалім қатысты.
Арыс ауданы ТЖБ
Түсіндірме жұмысы
Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері М.Нәлібаев ауылдық округінің тұрғын үйлеріне «Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау», «Электр қондырғыларын дұрыс пайдалану», «Өрттің алдын алу», «Балаларды үйде жалғыз және қараусыз қалдырмау» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған үнпарақтарды таратты.
Қазығұрт ауданы ТЖБ
Оқушыларды ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясымен таныстыру
Қазығұрт ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазалы ауданының мектептерінің басшыларымен бірлесіп, оқушыларға ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына қабылдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға академияның артықшылықтары туралы: толық тегін оқыту, жабдықтау және тұру, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу кепілдігі, лейтенант арнайы атағын беру туралы айтылды. Сондай-ақ, Ресей мен Беларуссияның шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі бар екендігі атап өтілді.
Қазығұрт ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Мұз үстінде балық аулау ережелері мен сақтық шаралары
Балықшылар мұз үстіне шығатын уақытты тағатсыздана күтеді. Бірақ та, қыс кезіндегі балық аулаудың біршама қауіптілігі бар екендігін ұмытпау керек. Мұз үстіне шығу — әрқашан да қауіпті іс. Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, балық аулаушылардың назарына жасалған, негізгі мұздағы қауіпсіздік ережелерін ұсынады:
Мұзда адамның болуының негізгі қауіпсіз жағдайлары мыналар:
— ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі;
— бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы керек;
— жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 см және одан артық болуы керек;
— автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 см-ден кем болмауы керек;
— судың температурасы 2-3°С кезде адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті.
Мұз үстіндегі қозғалыс ережесі:
•Мұз үстіне шығу тек тәуліктің жарық кезінде болуы керек;
•Су айдынына шығар алдында мұздың мықтылығын тексеріңіз. Кәсіпқой балық аулаушыларға арналған жерлерде, тұрақты мұз қалыңдығын өлшеу жүргізіледі. Ол жеті сантиметрден кем болмауы керек;
•Балық аулау орнына мұз үстімен жүргенде, қар басқан жерлерден аулақ жүріңіз;
•Мұз үсті мөлдір болуы керек. Сүт түстес борпылдақ мұз беті қауіпті болады. Мұз бетімен жылжығанда оның түсіне назар аударыңыз. Неғұрлым мұз ашық түсті болса, ол соғұрлым қалың.
Балық аулау барысында:
•Мұз бетінде кішкентай алаңда көп топ болып жиналмаңыздар;
•Шектеулі жерде көп ойықтар жасамаңыз;
•Егер де сіз мұз астына түсіп кетсеңіз, үрейленбеуге тырысыңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды шығарыңыз, содан кейін екіншісін. Барлық денеңізбен мұз бетіне шыққанда, ақырындап қауіпсіз жерге сырғанаңыз. Киіміңізді ауыстыру үшін мүмкіндігінше су айдыннан тезірек кетіңіз.
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда 101, 112 телефондарына хабарласыңыз
Арыс ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімі
Правила и меры предосторожности при подледной рыбалке
Алдын алу іс-шаралары
Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Қазалы ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үй секторындағы өрттер мен басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында аудан азаматтары арасында түсіндіру іс-шараларын өткізді. Іс-шара барысында улы газдың қауіптілігі және оның пайда болу себептері туралы айтылды, балаларды үйде қараусыз қалдыру қаупі туралы айтылды. Және олар бойынша сақтық іс-шаралары түсіндірілді. Профилактикалық жұмыстар барысында нұсқаулықтар мен ережелер жазылған жадынамалар таратылды.
Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Сауда алаңдарындағы профилактикалық іс-шаралар
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Қазалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарда, атап айтқанда, сауда орталықтарында, дүкендерде және ауданның басқа да сауда алаңдарында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шараның мақсаты азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін, қысқы кезеңде су айдындарындағы және жаңа жылдық мерекелерде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру болды. Іс-шара барысында азаматтарға ереже мен жадынамалар таратылды.
Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Қауіпсіз жаңа жыл
Жаңа жыл — ең қызықты да маңызды мереке. Барлығымыз асыға күтіп, бір-бірімізге сыйлықтар дайындаймыз. Мереке тойлау әрине, қызықты жағдай. Алайда, сыйлық беретін кезде, дастархан жаю барысында және мерекенің басты шарасы болып табылатын пиротехникалық бұйымдарды сатып алу және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды. Сыйлық таңдау барысында оларды сатып алған кезде оқушылардың жауапты және мұқият болуын, яғни техникалық регламенттермен және санитарлық ережелермен белгіленген талаптарды сақтауы қажеттігін түсіндіру мақсатында №37 мектеп-лицейінің оқушыларына ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Арнайы тақырыпқа сай дайындалған видеоролик көрсетіліп, толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Келес ауданы ТЖБ
Волонтёрлер күні
Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда «Дүниежүзілік волонтёрлер күніне» орай Департаменттің Дағдарыс орталығында іс-шара өтті.
Іс-шараға «Волонтёры Түркістан» қоғамдық қоры, Қызыл-Ай Қоғамы Түркістан облыстық филиалының еріктілері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты Төтенше жағдайлар департаментінің волонтёрлік ұйымдармен тығыз қарым-қатыныста жұмыс жүргізуін жандандыру.
Бірлескен жұмыстардың шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, іздестіру іс-шаралары мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету жөнінде ауқымды жұмыстарды атқару. Іс-шара кезінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Н. Ибрагимов бірқатар волонтёрлерге департамент бастығының алғыс хаты мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Түркістан облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасы
Волонтёрлер күні
Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда «Дүниежүзілік волонтёрлер күніне» орай Департаменттің Дағдарыс орталығында іс-шара өтті.
Іс-шараға «Волонтёры Туркестан» қоғамдық қоры, Қызыл-Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалының еріктілері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты Төтенше жағдайлар департаментінің волонтёрлік ұйымдармен тығыз қарым-қатыныста жұмыс жүргізуін жандандыру.
Бірлескен жұмыстардың шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, іздестіру іс-шаралары мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету жөнінде ауқымды жұмыстарды атқару. Іс-шара кезінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Н. Ибрагимов бірқатар волонтёрлерге департамент бастығының алғыс хаты мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Түркістан облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасы