Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Жол-көлік колледжі студенттері арасында «Мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

47

 

Жастар арасында кездесетін психологиялық өзгерістер мен түрлі теріс мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жиында мамандар жас ерекшелігіне қарай дайындалған әлеуметтік сауалнамаларды жүргізді. Сонымен қатар, студенттер арасында орын алатын кейбір кереғар жағдайларды зерделеп, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.

Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.

Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.

Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.

Студенттер тренинг барысында мамандарға көкейтесті сауалдарын қойып, жастар арасында кездесетін психологиялық мазасыздықтар жөнінде мағлұмат алды. Жиын соңы психологиялық ойындармен жалғасты.

Тренингтік сабақтардың тақырыптары:

  • Бейімделу мәселелері. Жаңа оқыту түрлері мен әдістеріне бейімделу;
  • Емтиханды үздік тапсыру тәсілдері;
  • Келіспеушілік жағдайларда психологиялық көмек;
  • Жеке тұлғааралық қарым-қатынастар;
  • Қарым-қатынастың оңтайлы әдістерін меңгеруге көмек;
  • Өз-өзіне деген сенімділік;
  • Шешендік шеберлік немесе коммуникативті қабілеттерді дамыту;
  • Көшбасшылық қабілеттерді дамыту;
  • Адамгершілік тәрбие және патриоттық сезімдерін дамыту;
  • Академиялық топтың ұжымдық бірлігі.

А.МАРАЛБЕКҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.