Шымкент қаласы прокуратурасы жергілікті құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Жандос Досанов баспасөз брифингінде жаңа пилоттық жобаның іске асырылу барысынан хабардар етті.

85

 

Шаhарда жыл басынан бері қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43 пайызға төмендеген. Оның ішінде интернет-алаяқтық 73 пайызға азайған.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша шаһарда 25 мектеп, оның ішінде Әл-Фараби ауданында 3 мектеп салынады. 2023 жылы ауданда Қошқар ата аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал «Халық қатысатын бюджет» аясында 39 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр.
– Алаяқтық қылмысымен күрес тобының жедел әрекет ету жұмыстарынан оңды нәтижелерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта жергілікті телеарналардан тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде, кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып, халықты алдап жүргендігі анықталды. Қала тұрғындарын кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауын, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырамыз, — деді Жандос Есенжанұлы
Сондай-ақ, жиында қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Шағдат Әсетұлы алаяқтарға алданбауды, тұрғындарды тікелей мекемеге келіп, кеңес сұрауға шақырды.
Айта кетсек, өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болса, биыл мұндай фактілердің 30-ы тіркеліп отыр. Барлық іс ашылып, биыл 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.