Жер-ананың 4000 гектарына терең қопсыту технологиясы қолданыла отырып, нәтижесінде үш рет суғарылуы тиіс жүгері алқаптарына екі рет қана су жіберілу арқылы ағын су үнемделіпті. Аталған институт ғалымдары өңдеген 3700 гектардың әр гектарынан алынатын өнім 150 центнерге жетіп, өнімнің екі есе көп жиналуы күтілуде. Ал бақша өнімдері былтыр 6800 гектар жерге егілсе, биыл 7492 гектар алқапқа қанат жайған. Қауын-қарбыз өнімдері Қазақстанда ғана емес, шет елдік тұтынушыларға да экспортталу үстінде. Ұзақ мерзімге шыдайтын қауынқақ, қауынқұрт та көптеп дайындалып, табиғи дәруменге бай өнімдер жаңаша қырымен отандық тауарлар үлесін көбейтпек. Қазіргі таңда, шаруалар бұл бастаманың заман талабына сай дайындалуы мен түрлі қырларын екшеу үстінде. Демек, жәй ғана қауынқақ атауымен таныс өнім тың жаңалығымен қайта жаңғыруы да бек мүмкін. Отырар ауданында мал басының артқаны да байқалады. Жылдағы есептік көрсеткішпен салыстырғанда сиыр 105, жылқы 111, қой 112, түйе 103 пайызға көбейген. Сондай-ақ, «Сыбаға» — 101, «Құлан» — 104, «Алтын асық» — 106 пайызға өсіп, мемлекеттік бағдарлама толығымен жүзеге асырылып, нәтижесінде мал шаруашылығымен айналысушы мамандар көптеген игі қадамдарға жол ашты.
Медиаон ақпарат