Ауыл оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының Отырар ауданы бойынша іріктеу кезеңі М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп пен Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін 3 мектеп базасында өтті.
Олимпиада мақсаты — Қазақстан мен әлем университеттеріне түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалист таңдау.
Олимпиаданың аудандық кезеңінде 30 мектептің 8-сыныбында білім алып жүрген 364 оқушы кешенді тест тапсырды. Тестілеу кезінде білім алушылардың математикалық сауаттылығы, логикалық, кеңістіктік ойлау қабілеті, оқу сауаттылығы бағаланды.
Тестілеу нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушыларға олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама беріледі.