Түркістан облысы, Отырар ауданының әкімі тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысының әкімінің өкімімен Сұлтанханов Сәкен Асылханұлы Отырар ауданының әкімі болып тағайындалды. Өңір басшысы ауданды үш жылға жуық уақыт басқарған Әбдіғали Айтжанұлы Жүнісовті құрметпен зейнет демалысына шығарып салып, оның ерен еңбегін ерекше атап өтті.
Облыс әкімі жаңа басшының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді. Жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелерді міндеттеді. Ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына инвестициялар мен озық технологиялар тартып, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасап, ауыл, елді мекендерді жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыруды тапсырды.
Сәкен Сұлтанханов 1976 жылы Мақтаарал ауданында өмірге келген. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын, Орта-Азиялық университетін «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында Алматы қаласы бойынша сот орындаушылар және приставтар департаментінде сот приставы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында аға сот орындаушы, Алматы қаласы, Жетісу аумақтық учаскесінде сот орындаушы болып қызмет атқарған. Сонымен бірге «Оңтүстік» салық комитетінің қаржы-шаруашылық жұмысын қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс бөлімінде бас маман-заңгер, Шымкенттегі №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде директор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымдарында болған. 2018 жылдан бері Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
В ОТЫРАРСКОМ РАЙОНЕ НАЗНАЧЕН НОВЫЙ АКИМ
По согласованию с Администрацией Президента РК, распоряжением акима Туркестанской области Султанханов Сакен Асылханович назначен акимом Отрарского района.
Нового акима представил активу района аким области Умирзак Шукеев.
Глава области со словами уважения проводил на пенсии Абдигали Айтжановича Жунусова, который руководил районом почти три года, особо отметив его заслуги.
Новый аким района поставил перед собой ряд задач по социально-экономическому развитию региона, укреплению единства и согласия в обществе.
В свою очередь, глава области дал поручения вновь назначенному руководителю.
К основным поручениям относятся создание в районе новых производств, обеспечение занятости населения, привлечение инвестиций и передовых технологий в сельское хозяйство, увеличение объемов производимой продукции.
Необходимо продолжить работу по созданию комфортных условий жизни отыраровцев, населенные пункты должны быть полностью благоустроенными и безопасными.
Сакен Султанханов родился в 1976 году в Мактааральском районе. Закончил Казахскую государственную академию транспорта и коммуникаций по специальности «Автомобилестроение» и Центрально-Азиатский университет по специальности «Юриспруденция».
За свою трудовую деятельность работал судебным приставом управления судебных приставов г. Алматы, старшим судебным приставом Алмалинского районного суда г. Алматы, судебным приставом Жетысуского района г. Алматы.
Занимал должности заместителя директора Департамента по финансово-экономическим вопросам и кадрам Налогового комитета «Юг», директора ГУ «Центр обслуживания населения» в г. Шымкенте, главного специалиста отдела контроля качества государственных услуг аппарата акима Южно-Казахстанской области.
Трудился главным инспектором организационно-инспекторского отдела аппарата акима ЮКО .
С 2018 года работал заместителем акима Мактааральского района.
Пресс-служба акима Туркестанской области.