Түркістан облысы білім басқармасының бастамасымен, осымен екінші рет ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. Патриоттық өлең оқыған оқушыларымыз бен студенттер әлеуметтік желі арқылы өзара бақ сынасты. 100-ге жуық қатысуша өтінім берген байқауда биыл ерекше белсенділік байқалады.

Айта кетейік, қатысушылар санының көптігіне байланысты нәтиже бүгін шықты. Жеңімпаздарды мараппаттау рәсімі алдағы аптада ұйымдастырылады. Жеңімпаздармен алдын-ала байланысып, хабардар етеміз.

Арнайы шығармашылық топ өлеңдерді тыңдап, үздік деген 10 оқушы/студенттің өлең оқуын жоғары бағалады.

Назарларыңызға #ОтанымЖүрегімде байқауының жеңімпаздарының тізімін ұсынамыз: Түркістан облысы Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты “Далабазар” жалпы білім беретін мектебінің 6-“А” сынып оқушысы Нематжанова Яйрахон Шарифжановна, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы ЖББМ-нің 8-сынып оқушысы Туран Маржан Муратқызы,
Арнаулы кәсіптік колледж студенті Берікболсын Ақжол, “Облыстық жас туристер станциясы” КММ- нің белсендісі Әмірхан Асылхан, Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің 6- сынып оқушысы Таирова Севил Ұлықбек Есдәулет, Түркістан қаласы Төлеби атындағы N19 жалпы білім беретін мектеп 3ә сынып оқушысы Шамшидин Әлинұр,Расул Исетов мектебі 5 а сынып оқушысы Абдукахарова Диана, Түлкібас ауданы М.Ломоносов атындағы мектеп- гимназиясының 2 “Е” сынып оқушысы Інкар Алинур Ғаниұлы, Арнаулы кәсіптік колледж студенті Рахман Нышанғали, Сарыағаш ауданының №4 Дарын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Жансерік Камал.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Белсенділік танытып, байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *