Бүгін Әл-Фараби алаңында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай, «Ел қорғаны — ел қорғаған батырлар» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік кеште Шымкент мәдениет үйінің өнерпаздары, 35748 Әскери бөлімінің «Барлау» ротасы, 6506 әскери бөлімінің оркестрі, опера және балет театры, Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің өнерпаздары, мектеп оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, жиналған көпшілікке көтеріңкі рух сыйлады.

Сонымен қатар, алаңға жиналғандар Шымкент Әскери гарнизонының әскери техникаларының көрмесін тамашалады.

— Бұл мереке жалпыхалықтық мереке деуге болады. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірінің күзетінде тұрған әскери қызметкерлер мен сарбаздардың Отан қорғаудағы үлесі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Шымкентте қазір барлық деңгейдегі әскери ардагерлер «Ауған соғысы», «Тәжік-Ауған қақтығысы», «Таулы Қарабах», «Чернобль апаты», «Семей- сынақ» полигонына қатысқан ардагерлер, Желтоқсан қатысушылары және еліміздің Қарулы күштері мен шекара қызметінің ардагерлері бір қоғамдық бірлестікке жұмылып, жастарды Отанын қорғауға үгіттейтін, насихаттық іс-шараларды бірлесе атқарып келеміз. Олай болса, Ұлы даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болғай, — дейді отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев.

Даңқ мемориалына жүздеген әскери және ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ олардың жұбайлары, балалары, ата-аналары келді. Жиналған жұртшылық күн сайын бейбітшілікті сақтау үшін өз өмірлерін қатерге тігуге әзір Отан қорғаушылардың әрекетіне сүйсіне қарап отырды. Алаңға түрлі соғыстарға қатысқан ардагерлер, қазіргі Отан қорғаушылар және әлі оқып жүрген жас жауынгерлер жиналды. Ұйымдастырушылар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің жақындығы ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтінін атап өтті.

 

Офицерлер үйінің жанында әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев тапсырды.
«Бүгін біз осындай жарқын және шуақты күнде Отан қорғаушыларымызды бұлтсыз көк аспан астында құрметтейтін ұлы мереке. Біздің әскери, тәртіп сақшылары мен арнайы қызметтердің басты миссиясы – елде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Күш құрылымдары-бұл біздің шекарамыздың қауіпсіздігі. Әрі қарай да солай болсын», — деді Арман Қырықбаев.

Алғыс хаттарды Қорғаныс департаменті бастығының орынбасары – Әскери құрам басқармасының бастығы Гаухар Сырлыбаева; қорғаныс департаментінің жоспарлау және үйлестіру бөлімінің бастығы Жаслан Далбаев; Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери дирижері — оркестр басшысы, аға лейтенант Ади Қабдрахманов; мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Техникалық реттеу тобының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Әсет Майлыбаев ; Алматы қаласы прокуратурасы аппараттық басқармасының аға прокуроры, 1-сыныпты заңгер Нұрсұлтан Жиделбай; криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Мұрат Рысқұлбеков; Алматы қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің жедел қызметкері Айбек Садыхан; Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ҚР ІІМ взвод командирі, полиция аға лейтенанты Айдос Жанкушиков; қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминология кафедрасының меңгерушісі М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Естай Әбілезов; Экономикалық тергеу және инспекциялар департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан алды. Сонымен қатар, полковник Раджан Жанысов «Құрмет» орденімен, ал подполковник Данияр Карманов «Айбын»орденімен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.