Ордабасы ауданының ТЖБ қызметкерлері және Жедел құтқару жасағымен бірлесе отырып «Бөген» су қоймасының Күзет қызметкерлеріне су айдындарында суға шомылу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу және адам өлімін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өзен жағалауында және түрлі демалыс орындарында демалушылар мен кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдермен, ата-аналарға суда шомылу ережелерін қатаң сақтау керектігі туралы айтып өтіп, бөлім тарапынан шығарылған 2 түрлі жаднамадан таратылды.