Түркістан қаласында «Nauriz in Turkistan» халықаралық суретшілері форумы жалғасып жатыр. Іс-шара «Qazaqstan A’la Prima» форумдары сериясы аясында ұйымдастырылған. Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов сөз сөйлеп, жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Шетелден арнайы келген қылқалам шеберлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Танымал суретшілер «Жібек жолы» саябағында өткен Наурыз мерекесіне де қатысып, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысты. Форумға АҚШ, Армения, Польша, Түркия, Бурятия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген жиырмадан аса суретші қатысып жатыр. Олар Түркістан шаһарының қазіргі көрінісін кескіндемек. Форум 29 наурызға дейін жалғасады деп жоспарланған. Бұл суретшілердің туындылары арнайы көрмеге қойылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.