Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғандарын қабылдауы барысында 110 ұсыныс келіп түскен. Бүгінде оның 72-сі орындалып, 26 ұсыныс бойынша жұмыс жүргізілуде, ал 12 ұсыныс 2023 жылдың жоспарына енгізілді.

Тұрғындардың талап-тілегі – әрқашан маңызды. Соңғы жылдары Нұршуақ шағынауданында тұрғындар ұрлықтың жиі орын алып жатқаны жайлы шағымданып, шаһар басшысына осы қылмыстың алдын алуға арналған жұмыстарға ықпал етуді сұраған болатын. Бүгінде шағынауданға 5 учаскелік полиция қызметкері бекітіліп, қылмыстың алдын алуға күнделікті рейдтік шаралар ұйымдастырып жатыр. Сонымен бірге 5 орынға бейнебақылау камераларын орнату мәселесі шешілмек.
Бұдан бөлек, Нұршуақ шағынауданының тұрғындары қала әкіміне табиғи газ, электр жарығы және кәріз құрылысы жөнінде мәселесін жеткізіпті. Қазір мемлекеттік жүйедегі электр жарығын тарту құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмысы жүргізілуде. Табиғи газбен қамту үшін «Энергоресурс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы қарқын алған. Ел игілігіне беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.