Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері,Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен ерікті жастары, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің тұрғын секторының бас маман-инспектор м.у.а Жабақ Қайырханмен бірлесе отырып, «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» бойынша қала тұрғындарының үй иелеріне барып,арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, ескертпе парақшаларын тарқатты.
Құрметті қала тұрғындары өрт туындау қауіпін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:
-Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз,мұржаны күйеден кемінде айыны бір рет кем емес тазалаңыз.
-Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.
-Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.
-Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.
-Қатты отындағы пештің от жағатын есігінің астындағы жаңғыш материалдардан жасалған аймақты жиі қадағалап тұрыңыз!
Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.