Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Металлург стадионына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып қайтты.

715

Жауапты сала мамандарының айтуын­ша, стандарт бойынша халық саны 1 мың адамға жеткен аумақта тұрғындарға ар­на­лып спорттық инфрақұрылымдар салынуға тиіс. Осы талапқа сай спорттық ны­санмен қамтылу биыл 51%-ға жос­парланса, (39 243 шаршы метр) көзделген мақсат то­лығымен іске асып отыр.

Екіншіден, жергілікті әкімдіктің ал­дын­да тұрған тағы бір басты міндет – дене шы­нықтыру және спортпен жүйелі түрде ай­на­лысатын және оған медициналық тұрғыдан ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар санын арттыру. Осыған сай биылғы жоспар 11,5% құрап, (1810 адам) тапсырма жүз пайыздан асыра орындалды. Сонымен бірге жастарды спортпен қамту (14-18 жас) мәселесі де әкімдіктің негізгі жұмыстарының қа­та­рын­да тұрған шаруа. Осыған байланыс­ты биыл 32 647 адамды спортқа тарту көз­дел­се, нақты орындалғаны 45 мың адам­нан асты.

Өз кезегінде Amanat партиясының «Өз­герістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының спорт саласына қатысты 6 индикатор көр­сет­кіші бекітілген. Аталған индикатор көрсеткіштері рет-ретімен жүзеге асып келеді.

Мәселен, бағдарламаның 39-тарма­ғын­да елордада, барлық облыс пен рес­публикалық маңызы бар қалаларда және ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және балалар үйірмелерін жаң­ғырту тапсырмасы берілген. Бұған сәй­кес биыл қаладан 57 спорттық секция ашу қарастырылған болатын.

Бүгінде 91 спорттық секция өз жұмы­сын бастап, онда 3 760 бала тұрақты түрде спорт­пен шұғылданып жатыр. Яғни ме­же­­ленген жоспардың артығымен орын­дал­ғаны анық көрініп тұр.

Стадионда 480 орындық командалық ойындарға арналған спорт зал, 62 адамға арналған спортшылар үйі, әкімшілік корпусы және 1504 орындық көрермендер трибунасы қарастырылған.
Мұрат Дүйсенбекұлы аталған нысан 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында спорттық ойындар өткізуге дайын болу керек екенін айтты.
Стадион пайдалануға берілсе, мұнда республикалық маңызы бар спорттық шаралар өткізуге, сонымен қатар қала тұрғындары күнделікті спортпен айналысуына мүмкіндік алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.