Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады. Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру — ауыр және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші — мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлердің имиджін көтеру мәселелеріне мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру және нығайтуда мемлекеттік жүйе дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы қажет. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын есте сақтауы қажет.
Мемлекеттік қызметші болу — үлкен абырой. Қоғамда мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсайды, өз елінің дамуына қалтқысыз қызмет етіп, ел өркендеуіне үлесін қосады. Мемлекеттік қызметшілердің өзін әдеп нормаларына сай, дұрыс ұстап жүруі және өз міндеттерін адал атқаруы қоғамның жалпы ахуалының, жемқорлық деңгейінің және тағы басқа да жағдаяттардың индикаторы іспетті. Мемлекеттік қызметшілерге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіргендіктен бұл сенімді ақтау өте маңызды.
Бүгінде мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен әділдікті, ашықтық пен сыпайылық сынды құндылықтарды біріктіретін парасат идеологиясын кең ауқымды насихаттау өте өзекті. Біз осы бағыттағы жұмысты ширата түсеміз.

М.АКИШЕВ,
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.